Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендерден бірі жолдасының затын әзілдеп немесе шындап (оның рұқсатынсыз) алмасын. Сендерден бірің жолдасының асасын (рұқсатсыз) алғанда, дереу оны қайтарып берсін». (Бұхари, «әл-Әдәб ул-Муфрәд»)
Әйюб Сабри паша Мекке Мүкәррамада болған оба ауруын, Мир-ат ул-Харамайн кітабында шейх Ахмет Духани атты кісіден жеткізген хабарында айтады:
Біраз уақыт бұрын Мекке Мүкәррамада қорқынышты оба ауруы болған еді. Қажылар да тұрғындар да жолды кетіп бара жатып аяқ асты сұлап түсіп өліп жатты. Мәйіттердің көптігінен жолды жүру, Харам мешітіне бару мүмкін емес жағдайға жеткен болатын.
Аурудың қатты болған күндерінде мен де қорқа бастадым, намаздарымды үйде оқи бастадым. Бірақ екінті намазын қия алмай Харам мешітіне бардым. Намаздан кейін Сафа қақпасынан шығып Сафа тауының етегіне дейін бара алдым. Жолдың екі шетінде көптеген адамдар жатыр, мұсылман мәйіттерінен сайғ жасау мүмкін емес еді. Мәйіттің көптігінен қорқып, ары қарай жүре алмадым. Жансыз дене сияқты Сафаға сүйеніп тұрып қалдым.
Біраздан кейін құлағыма мынадай дауыс келді: «Сен ұялмайсың ба? «...Ажалдары келгенде бір сағат артта да қала алмайды, алға да шыға алмайды» (мағынасындағы Юнус сүресінің 49) аятына сенбейсің бе? Әжептәуір ғалымсың. Біраз тәпсір және хадис кітаптарын оқыдың, иман ағашы көңілінде тамырлап орнықты. Ли иләфи қурайш сүресін оқып жүрсең ештеңеден қорықпайсың. Және бұл сырды кімге айтсаң оны да уәсуәсәдан құтқарған боласың. Нендей кемшілік десеңші әрі күнә».
Құтты ол уақытқа дейін жансыз болып, бұл дауыс рух сияқты үпірілгендей дірілдеген денеме жаңа өмір келді, уәсуәсәдан ешқандай белгі қалмады.
Дауыстың аян екенін түсініп, Құрайш сүресін оқи отырып үйіме қайттым. Отбасыма да осы сүрені ұдайы оқуды ескерттім. Қорқыныш пен уайымның отбасымнан да кеткенін көрген соң кімге жолықсам маған тапсырылған міндетті айтып, бұл сүрені оқуды өсиет еттім. Аллаға хамд болсын бұл қасиетті сүрені оқуға жалғастырғандың ешқайсысында жаман ойдан еш әсер қалмады.