Қол жайып, тіленбеген адамның қажетін Алла өзі өтейді

Ол өзінің қиындық кешкен күндерін еске алып отырыпты. Әсіресе, үйдегі бала-шағасы ойына түссе, әлі күнге қамығып, жүдеп-жадап шыға келеді. Әйтсе де сол күндердің бәрі де енді артта қалды, құдайға шүкір, қазір біреуден кеш, біреуден ерте дегені болмаса, сонау кедейліктің ауылы ендігіде кеткен күнге есеп. Сонда өзі де қайран қалады, небәрі бір-ақ ауыз сөз оның бар өмірін өзгертуге жетіп жатты...  

Бұл - өткенді есіне алып, ерте күндерін екшеп отырған пайғамбар сахабаларының бірі болатын. Бір кездегі жоқшылық, тақыл-тұқыл тірлік оны қажытып жібергендей көрінуші еді. Балашағаның күйі тіптен келіспей сындарлы бір күндерге ұшырады. Күнкөріс – қиын, тірлік – мынау. Сөйтіп ол бір күні жұбайымен келісіп, пайғамбардан (с.а.у.) қаржылай көмек сұрауға бекінеді. Осы ниетпен пайғамбарға (с.а.у.) келгенде, ол қашанғы әдеті – дос жаран, ізбасар серіктерімен әңгіме-дүкен құрып, жайдары жайсан отыр екен дейді. Келген бойда істі қозғаудың реті жоқ. Ол да бір шеттен орын алып, пайғамбар (с.а.у.) айтқан ақыл кеңеске ықылас салып, жайғасып тыңдап отырады. Сондай әңгіме арасында пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Біз көмек сұрай келген жаннан жәрдемімізді аямаймыз. Бірақ қол жайып, тіленбеген адамның қажетін бір Алла Тағаланың өзі өтейді»,- дегенге тоқталып, біраз әңгімелер айтады. Бұны естіген әлгі кісі өз ниетінен қайтып, сол күні бұйымтайын айтпастан ошағына оралады. Үйіне келсе, баз-баяғы күнкөріс әуресі тағы да шыдатпай, ертесінде екінші мәрте пайғамбар (с.а.у.) алдына барып, жағдайын түсіндіруге бекінеді. Бірақ кешегі әңгіме бүгінде тағы да алдын орап, үйіне қайтып келеді. «Біз жәрдем сұрай келген жанның барлығына көмектесеміз, бірақ тіленбеген адамның қажетін бір Алла Тағаланың өзі өтейді». Сөйтіп жүргенде үшінші рет отбасы, ошақ қасындағы жай қоярда-қоймай тағы да пайғамбар (с.а.у.) алдына келеді. Сол аралықта өзінің жайма қоңыр майда даусымен пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы да өткендегі уағызын жалғастырып отыр еді. Амал жоқ, оқталғанын тағы да айта алмай, сахаба сыртқа шығыпты. Дегенмен бұл жолы көңіліне бір сенім ұялағанын сезеді. «Біз бәріне де көмектесеміз, бірақ тіленбеген жанға Алла Тағала жәрдем етеді». «Енді болмас», - деп ойлаған сахаба сол сәт елден көмек сұрамағанына іштей қуанып үйге келе салысымен, әрі ойланып, бері ойланып, қолынан не келетін болса, соны атқармақ болып бір тоқтамға келеді. Осылайша біреуден балта сұрап алып, қырға шығып, отын шауып, оны әкеліп сатады. Содан түскен ақшаға балта, мал және басқа да құралдар сатып алуға шамасы келетін болып қалады. Ептеген табыс бар. Содан не керек, күндерден күн өтіп, оның ошағына от, маңдайына мал бітеді. Біртіндеп жалшы жұмсайтын дәрежеге жетеді. Бүгінде сол – қуаныш, сол – бақыт. Осындай жайма шуақ күндердің бірінде оған Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) өзі келіп, арқасынан қағып: «Бәсе, айтпап па едік, көмек сұрағанға біз де көмектесеміз. Ал біреуге қол жаймай өз күнін өзі амалдайтындар болса, оған қажет көмегін бір Алланың өзі көрсетеді», - дейді оған ризашылығын білдіріп!  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста