ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ҰМРАДАН БАСТЫ 3 АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Қажылық пен ұмра – екі бөлек. Үлкен қажылық - парыз, кіші қажылық - сүннет. Бұл екі құлшылықтың бір жерде атқарылатындығына қарамастан, түп-тамырында бір-бірінен қатты ерекшеленеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Қажылық пен умра бірдей құлшылық болып табыла ма әлде мән-мағынасы жағынан алып қарағанда мүлде басқа құлшылықтар ма?

 

Қажылық пен ұмра – екі бөлек. Үлкен қажылық - парыз, кіші қажылық - сүннет. Бұл екі құлшылықтың бір жерде атқарылатындығына қарамастан, түп-тамырында бір-бірінен қатты ерекшеленеді. «Кіші қажылық» деп аталатын ұмра негізгі қажылықтың маңыздылығы мен мән-мағынасын ашып көрсетеді. Қасиетті Мекке қаласында жасалатын қажылық пен ұмраның ихрам, Қағбаны тәуәп жасау, Сафа мен Маруа жоталарының арасында жүгіру және шашты қию немесе шашты қысқарту сияқты өздеріне тән міндетті рәсімдері бар. Алайда осымен екі құлшылықтың ұқсастығы аяқталады.

 

Сонымен, олардың айырмашылығы неде?

 

1. Қосымша рәсімдер.

 

Жоғарыда айтылып өткен рәсімдер ұмраны өтеуде негізгі болып табылады, ал қажылықты өтеуде бұған қоса басқа да рәсімдер өтелуі тиіс.

 

Мысалы үшін, бірнеше күн Мина жазығында тұру, Мұздалифа алқабында түнеу, Арафат тауына шығу. Ұмрада барлық қажетті рәсімдер бірнеше сағаттың ішінде атқарылып шығатындықтан ұмраны «кіші қажылық» деп атайды. Ал қажылық кем дегенде 4 күн және 3 түн бойы атқарылады.

 

2. Уақыт шегі.

 

Қажылық пен ұмра атқарылатын уақыт тағы бір маңызды шарт болып табылады. Қажылықтың тек Зүл-қижа айында атқарылатыны белгілі, ал умраны жылдың кез келген уақытында өтеуге болады.

 

3. Исламда алатын орны.

 

Негізі, асыл дініміз исламда қажылық пен ұмраның алатын орындары әртүрлі. Қажылық ислам дінінің парыз шарттарының бірі болып табылады.

 

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «...Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек...» (3:97).

 

Ендеше, күллі мұсылман ғалымдарының бірауыздан айтқан пікірі бойынша, жағдайы мен мүмкіндігі бар әрбір мұсылманның өмірінде бір рет қажылық парызын өтеуі міндет болып табылады. Ал умраға келер болсақ, оны өтеу міндет емес, алайда сүннет болып табылады. Егер умраны өтеу мүмкіндігі бола қалса, сол мүмкіндікті пайдаланып, умраны өтеп алған абзал.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста