Қажылық қымбаттайды. Өйткені, отандық "SCAT" әуе компаниясы қажылыққа сапар шегушілерді тасымалдау құқығына ие бола алмады. Сол себепті биыл Қазақстан қажылары діни парызын өтеу үшін тек Сауд Арабиясының "FlyNas" әуекомпаниясы арқылы ғана тікелей рейспен ұшады. Алайда бұл бұған дейінгі Стамбул, Әбу-Даби қалалары арқылы ауысып ұшудан 250-400 АҚШ долларына қымбат болуы мүмкін дейді мамандар.
Биыл Мекке мен Медине қалаларына қажылыққа баратын 5000 отандасымыздың барлығына діни орынға "FlyNas" әуе компаниясының қызметіне жүгіну міндеттеледі. Әрі елшілік қызметінде виза беру кезінде тәртіптің орындалуы қатаң бақылауға алынады. Келісім шарт бойынша екі елдің отандық әуе компаниялары 50-50 пайыздық мөлшерде қызмет көрсетуі тиіс болған. Алайда Сауд Арабиясы қойған талапқа "SCAT" компаниясы техникалық тұрғыда сай келмеген. Есесіне жылдағыға қарағанда сапар уақыты қысқарды дейді мүфтият басшылары.
CЕРІКБАЙ ОРАЗ, ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти:
- Биылғы жылғы тікелей рейсіміз Алматы қаласынан жүзеге асатын алты сағаттың көлемінде Медине, жидда қалалаларына ұшып барады. Және қайтар жолымыз 5 сағатқа қысқарып отыр.