Құранның «Ғафыр» сүресіндегі «Маған дұға етіңдер (тілектеріңе) жауап беремін» деген аят жайлы адамдар, «біз дұға етеміз қабыл болмайды» дегендерге ибн Әдһам былай депті:
«Алланы біліп, оның бұйырғанын өтемеген. Алланың кітабын оқып оған амал етпеген. Ібілісті дұшпан тұттық деп қойып, іс жүзінде онымен сыбайлас болған. Пайғамбарды жақсы көремін деп қойып, оның сүннетін орындамаған. Жаннатты біле тұрып құлшынбаған. Тозақты біле тұрып, күнәдан тыйылмаған. Өлімді біле тұрып, оған дайындалмаған. Басқаның кемшілігін түзеп, өзінікіне мән бермеген. Алланың несібесін жеп отырып, шүкіршілік етпеген. Өлімнен ғибрат алмаған… адамның дұғасы қабыл болуы қиын» депті.