Қайтқан кісіге жоқтау айту дұрыс па?

Қайтқан кісіге жоқтау айту дұрыс па?

Жақын жандарды о дүниеге аттандыру бәріне ауыр. Осы жағдайға қатысты халық арасында жоқтау дәстүрі қалыптасқан. Сол дәстүрмен жоқтау айту дұрыс па? Жоқтау қалай айтылады? Осы сұраққа дінтанушы Әбдімәлік Абдрахманов былай деп жауап береді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Жоқтау өз шеңберінен шықпай айтылған жөн. Шариғатқа қарсы келетінде шашын жұлып, кеудесін ашып, бетін тырнап, бастағы орамалдарын лақтыратын дәрежеде болатын болса, онда ол дұрыс емес. Себебі ол шектен шығу.

 

Шектен шықпай жылауға болады. Мәселен, пайғамбарымыз перзенті Ибраһим дүние салғанда көзден шыққан жасқа сахабалар «Я, Расулаллах, бізді жылаудан тиған едіңіз ғой» дегенде «Бұл рақымшылық жасы» деп пайғамбар тіл қатқан.

 

Сондай-ақ, Айша анамыздың жоқтау айтқандығы, оған пайғамбар тыйым салмағаны туралы риуаят бар.

 

Шариғат пен әдеп шеңберінен шықпай жоқтау айтса болады. Әйелдер жоқтау айтатын болса, ер кісілерден тыс өз араларында жоқтау айтқаны жөн.

 

Жоқтау – дүниеден өткен адамның жақсылығын айту.

 

Негізі ол батырлардың қаһармандығын, әдептілердің ісін, жомарт жандардың жомарттығын елге таныстыру мақсатындай айтылады. Яғни оларды халыққа таныстыру мақсаты да болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста