Ертең қасиетті Рамазан айы кіреді. Соған байланысты күндіз ас-судан тыйылып, исі мұсылман ауыз бекітеді. Алайда, жердің әр түкпірінде орналасқан ендігіне байланысты ауыз бекітудің уақыты әр түрлі болып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы хабарлайды.
Соңғы жылдары солтүстік жарты шарда тұратын мұсылмандар үшін күндізгі оразаның ұзақтығы қысқарды және ол дейін 2031 жылға дейін қысқара береді. Экватордың оңтүстігінде тұратын мұсылмандар үшін керісінше. Биыл Гренландия, Исландия, Финляндия, Швеция және Шотландия мұсылмандары ең ұзақ уақыт ораза ұстайды - шамамен 17 сағат. Жаңа Зеландия, Австралия, Чили, Уругвай, Оңтүстік Африка, Парагвай және Аргентинадағы мұсылмандар ең қысқа уақыт ауыз бекітеді - шамамен 12 сағат.