Қабір басында Құран оқып, дұға бағыштау жайлы төрт мәзһаб ғалымдары да бірауыздан мақұлдаған. Мағқил бин Ясар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Бақара» сүресі &ndash Құранның шыңы, оның әрбір аятын сексен періште алып түскен, ал «Аятул курси» аршының астынан алынып «Бақара» сүресіне қосылған, «Ясин» сүресі &ndash Құранның жүрегі. Кісі бұл сүрені Алланы және ақыретті қалап оқыса, оның күнәсі кешіріледі, («Ясинді») араларыңнан қайтқан марқұмға оқыңдар[1]», &ndash деген сөзін риуаят етеді.
Имам Ахмедтен келтірілген тағы бір риуаятта: «Егер зиратқа кірсеңдер, «Аятул курсиді» үш рет және «Қул һуа Аллоһу Ахадты» оқыңдар, сосын: «Аллам, бұл сүренің сауабы зират марқұмдарына»,&ndash деп айтыңдар»,[2]&ndash делінген.
Абдурахман бин Ғала әкесінен баян етеді, ол кісі өз балаларына: «Егер мені қабірге алып барсаңдар, лахадқа қойып: «Бисмиллаһ, ғала суннати расулиллаһ»,&ndash деп топырақ тастаңдар. Бас жағыма «Бақараның» алғашқы аяттары мен соңғы аяттарын оқыңдар. Мен Ибн Омардың (р.а.) осы амалды жақсы көретіндігін көрдім[3]», &ndash дейді.