Пасық деп кімді айтамыз?

Израйл әулетінде ағайынды, тетелес екі кісі болды. Ол екеуінің бірі ылғи күнә жасайды екен, ал екіншісі құлшылығына берік, ыждаһатты діндар еді. Ыждаһатты діндар өзінің тетелес бауырының күнә істеп жатқанын көрген сайын: «Доғарсайшы»,- дейтін еді.

 

Бір күні әлгі діндар өзінің  тетелесінің күнә істеп жатқанын көріп қалып, оған: «Доғарсайшы»,- деді. Сонда әлгі кісі: «Сен маған тыныштық берші, менің тағдырымды Құдай шешеді, сен маған бақылаушы болып келдің бе?»,- деді. Ыждаһатты діндар оған: «Аллаға ант етейін! Алла сені кешірмейді де, жәннәтқа да кіргізбейді»,- деді.

 

Екеуінің ажалдары жетіп қайтыс болған кезде екеуінің жаны бүкіл әлемнің Жаратушы Иесінің алдына келеді. Құдай Тағала ыждаһатты діндарға: «Менің ішімдегіні біліп қойдыңба, әлде Мені райымнан қайтара алатындай құдірет иесі ме едің?»,- деді.

 

Ал күнәһарға: «Бар, сен Менің рахымшылығыммен жәнәтқа кір»,- деді. Сосын тозақ періштелеріне діндарды меңзеп:  «Ананы тозаққа апарыңдар»,- деді.

 

Әбу Хұрайра: «Жанымды қолына ұстаған Алламен ант етемін! Ол бір-ақ ауыз сөз айтты, сол сөз оның бұл дүниеде де, ахиретте де түбіне жетті»- деді. (Хадисті имам Мүслим, Әбу Дәуіт, имам Ахмад риуаят етті).

 

 Нағыз мұсылман пенде тырнақ астынан кір іздеп, басқаларды күпірлікте айыптаумен айналыспайды. Керсінше өзінің бойындағы кемшіліктермен күреске түседі. «Мүмин ер мен мүмин әйелді жазықсыз жәбірлегендер, жала жапқандар, анық өзіне ашық күнә жасап алады» (Ахзаб сүресі 58-ші аят.)

 

ллаһ тағала да адам баласына халал-харам арасында белгі қойған. Ал бұл шекарадан асып кеткен адам пасық атанбақ. «Мәида» сүресінің бір аятында дұрыс жолға түскеннен кейін шектен шыққан кейбір жандарға қарата былай делінген:

 

&ldquoKімде-кім Аллаһтың шегінен шықса, міне, солар пасықтар&rdquo (Мәида, 5/47)

 

Араб тілінде тоқтауы керек жерде тоқтай алмаған адамдарды үйдің тесік-тесігінен кіріп, зиян келтірген шаян, жылан, тышқан секілді жәндіктерге ұқсатқан.

 

Пасықтық дегеніміз &ndash діннің шеңберінен шығып, үлкен күнәларды істеу немесе кішкентай күнәларды шімірікпей тұрақты түрде істеп Аллаһқа бағынбай, белгілі бір түрде қарсы келу. Пайғамбарымыз хадистерінің бірінде: «Халал нәрселер де, харам нәрселер де (күмәнсіз) белгілі. Бірақ осы екеуінің арасында кейбір күмәнді нәрселер бар, адамдар оны білмейді. Кімде-кім осы күмәнді нәрселерден бойын аулақ салса, діні мен арын қорғағаны» дейді (Бұхари, Иман, 39, Мүслим, Мүсақат, 107).

 

Олай болса, тілімізді, өзіміөзді пасықтықтан қорғайық

 

 

 

Түкетаев Ардақ

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста