Пасық адам, ол кім?!

Пасық (Фасық) ‑ Алланың әмірлеріне қарсы әрекет ететін, күнәһар, жаман мінезді, жамандық жасауды әдетке айналдырған мұсылман кісі. Фиқһ іліміндегі фасық сөзінің терминдік мағынасы былай болып келеді: «Аллаға итағатты (мойынсұну) тәрк еткен және Оған қарсы келген, үлкен күнә істеуден тайынбаған, кіші күнә жасауды әдетке айналдырып, тура жолдан шыққан кісі фасық деп аталады».

 

Шариғат үкімі бойынша фасық әрекеттің үш дәрежесі бар:

 

Күнәнің жаман екендігін біле тұра, кейде күнә істеу.

 

Бір күнәні әдейілеп жасау. Бір амалдың харам әрі күнә екендігін біле тұра күнә істеу.

 

Үшінші дәрежесі жасалған кезде адам кәпір болады. Фасық кісі мұндай дәрежеге келмейінше, әһли сүннет сенімі бойынша мұсылман деп аталады.

 

Құранда пасыққа байланысты аяттарда фасықтықтың, яғни күнәһарлықтың қандай жағдайларда болатындығы айтылады: «Хаж белгілі айлар. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, фасықтық (күнә) істеу және жанжал жоқ» (Бақара- 197).  «Алланың аты айтылмай (бауыздалған мал) жемеңдер. Оны жеу күдіксіз фисқтық (арам) болады» (Әнғам-121).

 

«Пасық» атауы күнә жасаушы мұсылман пендеге берілген есім болғанымен, кейде күпірлікпен бірдей мағынаға да келеді. Аятта осы мәселенің астары анық беріледі: «Расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар (пасықтар) ғана қарсы шығады» (Бақара-99).

 

Пасықтық өте қауіпті жағдай болып табылады және әрбір адам одан аулақ болуы керек. Кез-келген үлкен, кіші күнәлардан аулақ болған жөн, сондай-ақ, кіші күнәларды қайтпай жасаудан аулақ болған абзал. Жоғарыда айтылып өткендей, кіші күнәларды қайтпай жасау фисқ дәрежесінің бірі болып табылады.

 

Дегенмен, бір аса маңызды жайт: ешкім де басқа бір адамды пасық деп айта алмайды. Осы жөнінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

 

«Басқа бір адамды пасық немесе кәпір деп айтуға ешкімнің де құқы жоқ. Егер кімде-кім біреуді пасық не кәпір деп айтса, ал сол кісі ондай болып табылмаса, онда айтылған сөздер айтқан адамның өзіне қайтып келеді де өзі пасық немесе кәпір болады» (Мухтасар Таджридус-Сарих, XII, 137).

 

Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әр түрлі болатындығы анық түрде баян етілген. Дегемен біз де бұл жерде сенім тұрғысынан адамдардың деңгейін өздігімізден суреттей алмаймыз. Пенденің шын мәнінде қандай екені, жүректегі сенімі тек бір Аллаға тән.

 

Енді осы айтылғандарды ескеріп, Біз өзіміздің әрекеттерімізге есеп беруіміз керек. «Шын мәнінде мен кіммін?» деген сауал әрдайым санада тұрса, біз дінге қайшы амал жасамайтын боламыз. Өйткені, ақыл саналы тұрғыда мұсылмандық қаисеттен арылмауға тырысады. Жан мен тән ақылға бағынғанда біз тура жолда боламыз. Сондықтан, пасықтыққа жол бермейі.

 

 

 

ihsan.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста