«Пәленшенің намазы қабыл болмайды!» деп айту дұрыс па?

Біріншіден, бұлай деп айту үшін бұлжымас айғақ керек. Бұл сөз адамның оқыған намазына үкім шығарғанмен тең. Сондықтан мұндай сөзбен ойнауға болмайды. Екіншіден, кез келген амалдың дұрыс деп саналуы үшін орындалуы тиіс шарттары бар. Намаздың да орындалуы міндет парыз, уәжіп дегендей үстіндері бар. Егер осындай шарттардың бірі тәрк етілсе немесе намазды бұзатын амалдырдың бірі жасалса, онда «намаз бұзылды» деп айту  – шариғат талабы.

 

Мысалы, ораза кезінде тамақ жеу, су ішу оразаны бұзады. Сол сияқты, намазды уақытынан бұрын оқу немесе намазды фатиха сүресіз оқу секілді т.б. амалдар ислам тұрғысынан намазды бұзады. Мұндай жағдайда құлшылықтың қабыл болмайтынын айтқан дұрыс. Ал, енді намаз оқитын адам намаздың барлық шарттары мен уәжіптерін орындап, оны бұзатын ешбір амал жасамаса, онда оның құлшылығы «қабыл болмайды» немесе «намаз қабыл емес» деп айтуға ешкімнің ақысы жоқ. Себебі, адамның ниетінің шынайылығы мен ықыласы әрі оның Құдаймен байланысы тек Аллаға мәлім.

 

Джундуб Ибн Абдулла (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқан хадисын жеткізеді: «Бір адам: «Алланың атымен ант етемін! Анау адамды Алла кешірмейді», – деді. Сонда Алла Тағала: «Менің атымнан «пәленшені кешірмейді» деп кім ант етті? Мен оны кешірдім, ал сендердің амалдарыңды жойдым, – деп хабар берді» деп айтты» (Мүслим 2621).

 

Сондықтан, намаз оқитын адамға жай болжаммен «намаз қабыл емес» деп айтылмайды. Ал егер намазды бұзатын амалдың бірі жасалып немесе намаздың шарттарының бірі тәрк етілсе, онда бұлай деп айтудың зияны жоқ.

 

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

kazislam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста