Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әбу Зәррға айтқан 10 өсиеті

«Жер Әбу Зәррдан асқан тура, шыншыл басқа ешбір жанды арқаламаған, көк те ол секілді басқа ешбір жанды көлеңкелемеген» деген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мақтауына лайық болған сахаба Әбу Зәрр Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) өсиетін өле өлгенше берік ұстанған жан еді.

Халық пұтқа табынып жатса да, ол бұдан жиіркенетін. Оның жаны соңғы бір құтқарушыны күтетін. Пайғамбарымыз жайлы хабарды ести сала, елінен Меккеге қарай бет алып, мұсылмандықты қабылдаған алғашқы сахабалардың бірі болды.

Әбу Зәрр үнемі Пайғамбарымыздан өзіне өсиет айтуын сұрайтын. Тағы бірде оның бұл өтінішіне Пайғамбарымыз төмендегідей өсиеттерін айтты.

* Аллаһ Тағаладан қорық. Өйткені, Аллаһ Тағаладан қорқу барлық нәрсенің басы.
* Оқи алғаныңша Құран оқы және Аллаһ Тағаланы зікір ет. Себебі, Аллаһ Тағаланы зікір ету сен үшін жер жүзінде нұр, көкте азық.
* Көп күлуден сақтан. Өйткені, күлу жүректі өлтіріп, жүздің нұрын тайдырады.
* Жиһаттан қалма.
* Көп сөйлемеуге дағдылан. Себебі, аз сөйлеу шайтанды бойыңнан аластатып, дініңді қорғауда жәрдемшің болады.
* Кедейлерді сүй және солармен бірге бол.
* Нығмет мәселесінде өзіңнен төмен болғандарға қара, өзіңнен жоғарыларға қарама. Бұл Аллаһ Тағаланың саған берген нығметін азсынудан сақтайды.
* Шымбайға батса да шындықты айт. Турашыл бол.
* Өзіңді төмен көруің өзгеге тіл тигізуден сақтайды.
* Өзің жасаған жамандықтарды өзгелерден көрсең, ашуланба. Өз бойыңдағы жаманшылықтарды көрмей, өзгелерді жамандаудан, өз бойыңдағы кемшіліктерге көз жұмып, сол кемшіліктерді басқаның бойынан көріп, ашуланудан асқан кемшілік жоқ.

Әбу Зәрр Пайғамбарымыздың бұл өсиеттерін өмірінің соңына дейін әріп-әрпіне дейін орындаған.

ihsan.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста