Ораза кезіндегі пайдалы азық-түлік түрлері

 Ертең Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы яғни қасиетті рамазан айы басталады. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Осыған орай muslim.kz сайтының Ораза кезіндегі пайдалы азық-түлік түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ораза кезіндегі пайдалы азық-түлік түрлері:

1. Қуырылған, ащы тағам, кофе және газдалған сусын қолданбаңыздар! Бұл ағза жағдайының әлсіреуіне әкеліп соғады.

2. Сәресі кезінде шамадан тыс тамақтанудан және су ішуден сақтаныңыздар! Олай ету күні бойы тонусты қолдап тұратын минералды тұздарды ағзадан шығарады.

3. Сәресі кезінде ұзақ қорытылатын әрі күні бойы өзіңізді тоқ сезініп жүретіндей тағамнан жеңіздер! Құрма - қанттың, жасұнықтың [клетчатка], көмірсудың, калий мен магнийдің таптырмас көзі. Бадам [миндаль] - протеиндер мен майлылығы төмен талшықты заттектердің көзі. Банан калий, магний, көмірсуларға бай.

4. Ауызашар мен сәресі аралығында ағзадағы сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін көп мөлшерде су мен түрлі табиғи сусындар ішіңіздер!

5. Кофеинді фито және құрамында кофеин жоқ шайларға алмастырыңыздар!

6. Нан өнімдерін пісірерде кебек, бәліш пісірерде майда тартылмаған ұнды қолданыңыздар!

7. Метеоризм [ішектегі газ] тудыратын тағамдарды қабылдамаған абзал. Ондай тағамдарға мысалы жұмыртқа, қырыққабат, жасымық [чечевица], газдалған сусындар жатады.

8. Сәресіні жіберіп алмаңыздар! Және сәресіде құрамында қант мөлшері көп тағамдар мен сусындардан бас тартқан жөн. Себебі, қанттың көп мөлшері ағзаны көбірек инсулин бөлуге итермелейді де, қандағы қант мөлшерінің түсуіне әкеліп соғады. Ал бұл өз кезегінде әлсіздікке, бас айналуы мен ауруына, шаршауға, жүректің қатты соғуына себепкер болады.

9. Жеміс, көкөніс, ет, құс еті, балық, нан, дәнді-дақыл және сүт өнімдері. Осы топтардағы азық-түліктен бір-бірден алып, тағамдарыңызды үйлестіріңіздер!

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста