Ораза айының құндылығы қандай?

www.ihsan.kz фото

Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген: «Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды».
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулулла тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек.) Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Алла тағаланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахыреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек.
Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні осы айдың ішінде. Рамазан айында ауызды шам уақыты кіруімен көп кідірмей ашу, сәре тамағын да имсак (фәжр) уақытына жақындатып кеш жеу сүннет. Расулулла бұл екі сүннетті орындауға қатты мән беретін. Ауыз ашуға асығу және сәре тамағын кешіктіру бәлкім адамның төмендігін, әлсіздігін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Ғибадат ету дегеніміз де осы. Құрмамен ауыз ашу сүннет. Ауыз ашқанда «Зәхәбәз-зама-у уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл-әжр иншаллаһу та’ала» дұғасын оқу, тәрауих намазын оқу, хатм оқу маңызды сүннет болып табылады.
Бұл айда әр түні жаһаннамға түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жаннат есіктері ашылады. Жаһаннам есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен байланады. Рахмет (мейірімділік) есіктері ашылады. Алла тағала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Амин.
Рамазанда жұрттың көзінше ашықтан тамақ жеген адам бұл айды құрметтемеген болады. Намаз оқымайтын адамдардың да ораза тұтуы және харамдардан тыйылуы керек. Бұлардың оразалары қабыл болады және имандарының бар екендігі осыдан белгілі болады.
Рамазан айында ораза тұту үлкен сауап. Үзірсіз (себепсіз) ораза тұтпау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Рамазанда үзірсіз бір күн ораза тұтпаған адам, оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды.» делінген.
Рамазанда ораза тұту туралы айтылған хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:
«Рамазан айы мүбәрәк ай. Алла тағала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, жаһаннам есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақрұм қалған адам, бар жақсылықтан мақрұм қалды деп саналады».
«Рамазан айында ораза ұстауды парыз деп біліп, сауабын Алла тағаладан күтіп ораза ұстаған адамның күнәлары кешіріледі».
«Рамазан оразасын ұстап өлген адам жаннатқа барады».
«Рамазан айы келгенде «Ей жақсылық иесі, жақсылыққа жүгір! Жамандық иесі, сен жамандықтардан қолыңды тарт» деп айтылады».
«Рамазан береке айы. Алла тағала бұл айда күнәларды кешіреді, дұғаларды қабыл етеді. Бұл айдың құнын біліңдер! Тек жаһаннамға баратын адам бұл айда рахметтен махрұм қалады».
«Рамазан айы келгенде Алла тағала періштелерге мұсылмандар үшін истиғфар айтуларын әмір етеді».
«Парыз намазы келесі намазға дейін, Жұма келесі Жұмаға дейін, Рамазан айы келесі Рамазанға дейін болатын күнәларға кәффарат болады».
«Артпа-арт үш күн ораза тұта алатын адамның Рамазан оразасын ұстауы керек.»
«Рамазан оразасы парыз, тарауих сүннет. Бұл айда ораза тұтып, түндерін ғибадатпен өткізгеннің күнәлары кешіріледі».
«Бұл айдың Рамазан деп аталуының себебі күнәларды жағып жоқ қылғаны үшін».
«Рамазан айында жанұяларыңның напақасын кең ұстаңдар! Бұл айда жұмсалған нәрсе, Алла жолында жұмсалған сияқты сауап болады».
«Рамазанның басы рахмет (мейірім), ортасы мағфирет, соңы болса жаһаннамнан құтылу».
«Ислам - шаһадат кәлимасын айту, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын тұту және қажылық жасау».
«Жаннаттағы зәулім сарайлар сөзі жақсы, сәлемі көп, тамақ жегізген, оразасын жалғастырған және түнгі намазды оқығандарға беріледі».
«Ораза тұтқан мұсылманның үндемеуі тәсбих, ұйқысы ғибадат, дұғасы қабыл және амалының сауабы көп болады».
«Әсіресе, ораза кезінде жиіркенішті, жаман сөз айтпаңдар. Егер біреу сендермен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап беріңдер».
«Шынайы ораза тек жеп-ішуді ғана емес, бос және ұятсыз сөздерді де тәрк етіп тұтылған ораза».
«Алла тағаланың көздердің көрмеген, құлақтардың естімеген және ешкімнің ойына да келмеген ниғмет толған дастарханына тек ораза ұстағандар отырады».
«Алла жолында бір күн ораза ұстаған адамды, Аллаһу та'ала жетпіс жылдық қашықтыққа жаһаннамнан алыстатады».
«Тазалық иманның жартысы, ораза сабырдың жартысы».
«Аузы берік кезінде өлген адамға қияметке дейін ораза тұтқандай сауап жазылады».
«Аузы берік кезінде өлген адам жаннатқа кіреді».
«Ораза ұстаған, намаз оқыған адам, қияметте ақылындай марапат алады».
«Ораза шәхуатты сындырады».
Қасиетті уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек, жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Алла тағала тарапынан жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман көретін құлы болса қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ауыр болуына және Алла тағаланың бұрынғыдан да көп оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы қасиетті уақыттың берекесінен махрұм қалып оның құрметімен қасиеттілігін жерге таптаған болады.
Расулулла алейһиссаламның түсі:
«Түсімде таңқаларлық нәрселер көрдім. Үмметімнің бірін азап періштелері ұстап алыпты. Алған дәреттері келіп, оны бұл қиын жағдайдан құтқарды. Біреуін көрдім, қабірі оны қысып жатқан еді. Оқыған намаздары келіп, оны қабір азабынан құтқарды. Біреуіне шайтандар бас салған еді. Жасаған зікірлері келіп, оны шайтаннан құтқарды. Біреуінің сусыздықтан тілі шығып кеткен еді. Тұтқан Рамазан оразалары келіп, шөлін қандырды.
Біреуін қараңғылық қаптаған еді. Орындаған қажылығы келіп қараңғылықтан шығарды. Біреуіне өлім періштесі келген еді. Ата-анасына жасаған жақсылықтары келіп, өліміне кедергі болды, кейінге қалдырды. Біреуін мұсылмандармен сөйлестірмей жатты. Сыла-и Рахим (туыстарымен араласуы) келіп, оған шапағат етті, олармен сөйлесті. Пайғамбарының қасына барғысы келіп тұрған біреуге кедергі болып жатты. Алған ғұсылы оны қасыма алып келді. Оттан сақтанғысы келген бір адамға садақасы келіп отқа перде болды. Біреуін забанилер (тозақ періштелері) ұстап жаһаннамға алып бара жатқанда, жасаған әмри маруфтары және нахи мункәрлары келіп құтқарды. Біреуі жаһаннам отына тасталған еді. Алладан қорқып төккен көзжастары келіп, оны ол жерден құтқарды.
Біреуіне амал дәптері сол жағынан беріліп жатқанда, Алла қорқынышы келіп, дәптерін оң жағына алды. Сауаптары жеңіл тартылған біріне өзінен бұрын өлген балалары келіп, сауабын ауырлатты. Жаһаннамның жанында, қорқыныштан дірілдеген бір адамға, Алла тағалаға болған хусни заны (жақсы ойы) келген кезде, дірілдеуін доғарды. Сырат көпірінен қиналып өткен бір адам жәннатқа келді. Бірақ, есіктері жабық еді. Шаһадат кәлимасы келіп, оны жәннатқа кіргізді».
www.islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста