Оқылған құран мен дұға-садақаның сауабы марқұмға жете ме?

 Имам Байхақидың «Шуғабил иман» деген кітабындағы Абдулла ибн Аббастан риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қабірдегі мәйіт суға тұншығып, көмек сұрап жатқан кісіге ұқсайды. Дүниеде артында қалған әкесі, шешесі немесе перзенті я шын досынан дұға күтеді. Артында қалған кісілер оның ақысына Құран түсірсе, қайыр ихсан, садақа немесе сауап істердің қайбірін істеп, сауабын һадия қылса, оған сауабы жетіп, ол – дүние және оның ішіндегі барлық нәрселерді бергеннен де жақсы… Тірілердің қайтыс болғандарға қылған һадиялары (садақалары) оларға истиғфар (кешірім сұрау) ретінде өтеді», – деген. Ибн Қудаманың «әл-Муғни» атты кітабында Ахмад ибн Ханбал былай дегені айтылған: «Бағышталып жасаған барлық жақсылықтың сауабы өліге тиеді. Өйткені, ол жайлы хадистер бар. Барлық қалаларда мұсылмандар жиналып, Құран оқып, сауабын өлілеріне бағыштауда әрі бұған ешкім қарсы шықпауда. Міне, бұл оның дұрыстығына ижма болмақ».
Ибн Әбу Суфиян Сауриден риуаят етеді: «Тірілер тағам және сусынға мұқтаж болса, өлілер дұғаға аса мұқтажырақ». Ал Ибн Таймия және Ибнул Қаййым әл-Жәузия: «Жасаған жақсылық пен оқылған Құранның сауабы өліге тиеді», – деген көзқарасты таңдаған. Имам Табарани «Аусат» кітабында және Имам Байхақи «Сунан» кітабында Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Расулулла (с.ғ.с): «Әлбетте, Алла Тағала бір салих пенденің жәннаттағы дәрежесін көтереді. Пенде аң-таң болып: «Я, Раббым! Бұл дәреже маған қайдан келді?», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Бұл дәрежеге перзенттеріңнің дұға-истиғфарлары арқылы жеттің», – дейді.
Әбу Хурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Нәби (с.ғ.с.): «Адам дүниеден озғанда амалы үзіліп, үшеуі ғана жалғасады: (пайдасы дүниеде жалғасып жатқан) үздіксіз садақасы, (артында қалғандарға) пайдасы тиіп жатқан ілімі, өзіне дұға жасап жүрген салиқалы баласы», – деген. Мәлики мәзһабын ұстанушы үлкен тәпсір ғалымы Куртуби былай дейді: «Бұл тақырыптағы еш талассыз нәрсе – берілген садақа сауабының өліге тиетіндігі. Ал енді садақаның сауабы өліге тиетіні секілді оқылған Құран мен дұға, истиғфарлардың да пайдасы өліге тиеді. Өйткені, бұлар да садақаға жатады. Садақа тек ақша, дүниемен шектелмейді».
Ибн Таймиядан: «Өлі үшін оқылатын хатым Құран жайлы және Құранды жалдап оқытса, сауабы өліге тиеді ме?», – деп сұрайды. Ибн Таймия бұл сұрақтарға былай деп жауап берген: «Құран оқып, сауабын өліге бағыштау үшін адам жалдау дұрыс емес. Мұны ешбір ғұлама құптамаған. Сауабы жететін Құран – ол тек Алла ризалығы үшін оқылатын Құран. Құран оқыған адамға оқығанның ақысы ретінде емес, өлінің атынан садақа етіп берсе, онда оқылған Құранның сауабы өліге тиеді. Сол секілді сауабын тек Алладан күтіп Құран оқығаннан кейін оны өлілерге бағыштаса, сауабы өліге жетеді. Алла тағала ең дұрысын біледі».
Әбу Хурайра риуаят еткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с): «Мүмін дүниеден озған соң амалы мен жақсылықтарынан пайдасы тиетіні – үйреткен және таратқан ілімі, артында қалдырған салиқалы баласы, мұра етіп қалдырған мусхаф, не тұрғызып кеткен мешіт, не жолда қалғандар үшін салып кеткен үй, не ағызып кеткен өзен, не сауда, тірі кезінде мал-мүлкінен бөліп шығарған садақа, бұлар оған дүниеден озған соң пайдасын тигізеді», – деген. Имам Ахмад «Муснад», Әбу Дәуід, Насаи және Ибн Хиббан сахих кітаптарын-да: «Расулулла (с.ғ.с.): «Қайтыс болғандарға «Ясин» сүресін оқыңдар», – деді. Сондықтан, Алла тағала «Хашыр» сүресінің 10-аятында: «Олардан кейін келгендер айтады: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жа-рылқай гөр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбіңдік қылма. Раббымыз, шүбәсіз Сен тым жұмсақ ерекше мейірімдісің», – деп хабарлаған. Алла тағала бұл аят арқылы иманмен өткен әке-шеше, ағайын-туыс, жора-жолдастардың және барша мүмін-мұсылмандардың ақысына дұға етуге бұйырады.
Хадис-шәрифте Сағыд ибн Убада айтады: «Бір әйел Расулулла (с.ғ.с.) құзырына келіп: «Я, Расулулла, пендеге Алланың үйіне (Қағбаға) қажылық ету парыз қылынған. Әкем қартайғандығынан көлікке мінуге шамасы келмейді. Әкем үшін қажылық етсем бола ма?», – деп сұрады. Расулулла: «Маған айтшы, егер әкеңнің қарызы болса, оны өтейсің бе?», – деді. Әйел: «Иә», – деді. «Ендеше әкенің Аллаға деген парызын өтеуің қажет», – деді». Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген бұл хадис әл-Бұхари мен Мүслімде келген.
Ғұламалардың бірауыздан келі-сімі бойынша, марқұмның атынан берілген садақаның және шалынған құрбандықтың сауабы оған жетеді.Абдулла ибн Аббас: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп, анасының өмірден озғанын естіртті де: «Оның атынан садақа берсем, оған пайдасы тие ме?», – деді. Пайғамбар: «Иә», – деп жауап берді. Ол: «Менің құрма бағым бар. Шынымен де, соны анамның атынан садақа еткеніме сені куә етемін», – деді», – деген.
Айша (р.а) анамыздан риуаят етілген хадисте: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) қарны да қара, аяқтары да қара, көздерінің айналасы да қара мүйізді қошқар алып келуді бұйырды. Қошқар әкелініп, оны шалмақшы болғанымда: «Ей, Айша, пышақты әкел!», – деді. Сосын: «Оны тасқа қайра!», – деді. Мен айтқанын орындадым. Кейін ол қошқарды жығып, бауыздады да: «Бисмиллаһи, Аллаһым, Мұхаммедтен және Мұхаммедтің әулетінен және Мұхаммедтің үмбетінен қабыл ал!», – деп құрбан шалды», – делінген. Мұғтазила ағымы және оларды қоштайтын түрлі ағымдар Құран Кәрімдегі «Нәжім» сүресінің: «Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді», – деген 39-аятын өздеріне дәлел етіп: «Қайтыс болған кісілер үшін Құран түсірілсе де, намаздардың қазасын өтесе де, тұталмаған оразасын өтесе де және басқа ғибадаттар жасасада, сауабы тимейді», – деген пікірге тоқтаған. Ұлы сахаба Абдалла ибн Аббас (р.а) бұл аят (яғни, «Нәжім» сүресінің 39-аяты) Тұр сүресінің: «Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ, олардың амалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады», – деген 21-аятымен мансұх болған деген (яғни үкімі жойылған).
Данышпан Абдулхақ Ишбайли «Әл-Ақибат» деген кітабында былай деп жазады: «Біліңіз, берілетін нәрсе және һадия (садақа) мәйіт тірілер секілді. Бәлкім, тірілерден мұқтажырақ. Өйткені, тірі пенде өзіне берілген һадия немесе сыйлықты аз санап менсінбейді. Бірақ мәйіт өзіне берілген һадия (садақа) шыбынның қанатындай немесе топырақтың тозаңындай болса да, оның қадіріне жетіп, кем санамайды. Себебі, ол тірі кезінде оның қадіріне жетпей, өмірін босқа жіберген еді», – деген. «Исафул муслимина уәл-муслимат би жауазил кироати уа вусули сауабиһа илал-амват («Мұсылман ер және мұсылман әйелдер Құран оқып, сауабын мәйіттерге бағыштау») деген кітабында: «Қайтыс болғандарға Құран түсіру дұрыс. Әһли-сунна уәл жамағат ғұламалары қасында сауабы оларға тиеді», – деген.
Әбу Мұхаммед ас-Самарқанди-дің «Мишкатул-масабих» кітабы және Имам Ад-Дарақутнидің «Тарих» кітабындағы хазіреті Әлиден (р.а.) риуаят етілген хадис-те Расулулла (с.ғ.с.): «Кімде-кім қабірстаннан өтіп бара жатып «Ықылас» сүресін он бір рет оқып, сауабын қабірстанда жатқан мәйіттерге бағыштаса, сауабы олардың бәріне жетіп, оқыған кісіге де қабірстанда жатқан мәйіттердің есебінше сауап беріледі», – деген. Сулейман ибн Бурайда: «Алла елшісі қабірстанға қарай шыққан кісілерге дұғаны үйретіп, олардың біреуі (Зуһайрдан жеткен риуаятта): «Ей, мүмін-дер мен мұсылман марқұмдардың қауымы! Сендерге Алланың есендігі болсын, әлбетте, Алла қалаған күні біз де сендерге қосыламыз. Алладан бізді де, сендерді де азаптан құтқаруын сұраймыз», – деп дұға тілейтін», – деген.
Біз әһли сүннет уәл жамағат оқылған Құранның сауабы марқұмдарға тиеді деп сенеміз. Мұғтазила және олардың жолын қоштайтын түрлі ағымдар оқылған Құран, берілген садақалардың сауабы марқұмдар амалдарына тимейді деп айтады. Жаратқан Тәңіріміз мұндай адасқан топтарға ілесуден әрбір мүмін пендені сақтасын!


Нұрсұлтан Есенәлиұлы

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста