ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі айтыла бастады. Адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық неке шарты жасалғанда қалыңдық бір жақта, күйеу басқа жақта, ал куәгерлер тағы бір жақта қатысатын көрінеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Осындай неке шариғат бойынша қаншалықты дұрыс?

 

Қазіргі атақты ғалымдар мен беделді пәтуа ұйымдары осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, шариғи негіздерге сүйеніп оған жауап берген болатын. Атап айтқанда, Ирак пәтуа және дағуат істері бойынша Ғұламалар кеңесі, белгілі ғалым Уаһбә Зухайли, Мұстафа Зарқо сынды бірқатар ғұламалар алдау және шариғатты кемсіту қаупі болмаған жағдайда онлайн түрде неке қию дұрыс болып саналады деген (Мәжәлләт ул-фиқһ әл-исләми», 2/867-888).

 

Сондай-ақ Ислам Фиқһ академиясы Ғұламалар кеңесі, Сауд Арабия патшалығы тұрақты Пәтуа комитеті, Пәкістан «Дар ул-улум» ислам университеті Ғұламалар кеңесі және ғалым Мухаммад Юсуф Баннури, шейх Мухаммад Тақи Усмани сынды көптеген бүгінгі ғұламалар, белгілі шариғи шарттар табылмағандықтан онлайн түрде неке қию дұрыс емес деп пәтуа берген («Ислам Фиқһ академиясы бірінші отырысының қарарлар жинағы», 10-бет; «Фәтауа дар ул-улум», 3/558; «Фәтауа Усмани», 2/204).

 

Сонымен қатар Ханафи мәзһабының ғалымдары баяғыдан ижаб (ұсыныс) пен қабулдың (қабыл алу) бірнеше шарты бар екенін, соның біреуі – бір мәжілісте (орында) болу керектігін айтқан.

 

Аләуддин Кәсани (Алла оны рақымына алсын) осы шарт жайында: «Неке келісімі өткізілетін орынға қатысты шартқа тоқталатын болсақ, ол – екі неке қидырушының (күйеу мен қалыңдық) бір мәжілісте қатысуы. Ижаб пен қабул бір мәжілісте болуы тиіс. Егер мәжіліс басқа болса, онда неке шарты жасалмайды», – деген («Бәдаиғ ус-санаиғ», 2/232). Аләуддин Хаскәфи (Алла оны рақымына алсын) да осы мәселе жөнінде: «Ижаб пен қабулдың шарттарынан тағы бірі – екі неке қидырушы бір мәжілісте болса, олардың бір орында болуы», – деп айтқан («Раддул мұхтар», 4/76).

 

Ибн Абидин «әл-Бахр ур-Раиқ» кітабынан үзінді келтіре отырып: «Мәжіліс басқа-басқа болған кезде неке шарты жасалмайды. Неке қидырушылардың бірі ижаб (ұсыныс) еткенде екіншісі орнынан тұрып кетіп қалса немесе басқа іспен шұғылданып кетсе, ижаб бекер болады... Атқа мініп немесе жүріп бара жатып неке қиылса да, дұрыс емес. Алайда бір кемеге мініп бара жатса, онда дұрыс болады. Өйткені кеме бір мекен үкімінде жүреді», – деп ойын осылай тұжырымдайды («Раддул мұхтар», 4/76).

 

Шариғи неке шарты жасалған кезде неке қидырушылар мен куәгерлер бір мәжілісте болуы тиіс. Бұл шарттар телефон, интернет немесе басқа заманауи байланыс құралдары арқылы қиылған некенің дұрыс еместігі туралы айтылған пәтуалардың дәлел ретінде басым екенін көрсетеді. Сондай-ақ қазіргі уақытта некені түрлі алдамшы әрекеттерде пайдалану жағдайларының туындамауына ешкім кепілдік бере алмайды. 

 

 

Хасан Аманқұл,

«Мұнара» газеті, №3, 2020 жыл

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста