Оң қолы Жәннатқа өзінен бұрын кеткен сахаба

Сахаба Туфәйл бин Әмір әд-Дәуси (р.а.) жайлы жазған өткен жолғы мақаламызда оның бір түс көргенін және түсінің жоруын жазамыз деген едік. Ендеше бұл ғибратты хикаяға кезек берейік.

Туфәйл бин Әмір әд-Дәуси өзін де, ұлын да халифа Әбу Бәкірдің (р.а.) қызметіне атаған жан. Діннен шыққандарға және Мусайламат ул-Кәззәбке қарсы соғысу үшін Туфәйл ұлы Әмірмен бірге әскер қатарынан табылады. Йәмәмаға бет алғанда Туфәйл жолда бір түс көреді. Сол түсін достарына айтып береді.

– Мен бір түс көрдім. Сол түсімді жорып беріңдер, – дейді. Достары да:

– Қандай түс көрдің? – деп сұрайды. Сонда Туфәйл бин Әмір:

– Түсімде шашымның алынғанын, аузымнан бір құстың ұшып шыққанын, бір әйелдің мені қарнына салғанын және ұлым Әмірдің менімен бірген кіруді қалағанын, бірақ арадан бір кедергі шығып, менімен бірге ол жерге кіре алмағанын көрдім, – дейді. Достары:

– Жақсылық болсын, – деп қана қояды. Сонда бұл түстің жоруын өзі айтады:

– Уаллаһи, мен бұл түсті былай жорыдым: шашымның алынғаны – басымның алынатыны, аузымнан ұшып шыққан құс болса – рухым. Бір әйелдің мені қарнына салғаны – жер қойнауына тапсырылатыным, шәһидтіктен үміт етемін. Ал ұлымның менімен бірге кіруді қалағаны – менің қауышқан шәһидтікті оның да аңсайтыны. Бірақ, ол шәһидтікке, Аллаһ Тағала қаласа, бұдан кейінгі соғыстарда қауышады, – деп жориды.

Йәмәма соғысына сахаба Туфәйл асқан қаһармандық танытып, шәһид болады. Ұлы Әмір болса, қатты жарақаттанып, оң қолынан айрылады. Әмір сол жерде әкесін және өзінің оң қолын жер қойнауына тапсырады да Мәдинаға қайтады.

***

Бір күні Туфәйлдің ұлы Әмір Хазіреті Омардың (р.а.) жанына барады. Халифаның жанында басқалар да отыр екен. Сол жерде Халифа Омарға ас тартылды. Омар сол жерде отырғандардың барлығын асқа келуді әмір етті. Бірақ Әмір бұрышқа қарай ығысып, дастарханға жақындамайды. Мұны байқап қалған Омар:

– Неге тартынып, жақындамай отырсың? – деп сұрайды.

– ...

– Әлде шолақ қолыңнан ыңғайсызданып, ұялып келмей отырсың ба? – дейді.

Әмір:

– Иә, солай, Мүміндердің Әміршісі, – деді.

Сол кезде Омар:

– Уаллаһи! Сен шолақ қолыңмен дастарханға келіп, ас алмайынша, мен бұл асқа ауыз да тигізбеймін... Арамызда бір мүшесі Жәннатта болған сенен басқа ешкім жоқ, – дейді.

***

Әмір әкесінен айрылғаннан бері үнемі шәһидтік түстер көретін. Йармуқ соғысы кезінде Әмір басқа жауынгерлермен бірге бұл соғысқа да қатысты. Соңында әкесінің жолымен ол да шәһид болды. Аллаһ Тағала Туфәйлді және баласы Әмірді рахметіне бөлесі.

Абдуррахман Рафәт әл-Бәшәнің "Сахаба өмірінен көріністер" атты еңбегінен

Әзірлеген: Салтан САЙРАНҰЛЫ

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста