Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «(Айт) Мейрамдарыңды (Тәшриқ) тәкбірімен сәндеңдер». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Әусат»)
Әһли сунна бойынша, адам – парыз немесе нәпіл - тіпті егер ол өзіне арналған болса да, сауабын басқа адамға бағыштаса болады. Намаз, ораза, қажылық, ұмра, садақа және Құран оқу, дұға және зікір сияқты салих амалдардың сауабы қайтыс болғандардың рухына жетеді және қайтыс болған адам осыдан пайда көреді.
Мұсылмандар барлық уақытта қайтыс болған жақыны үшін Құран Кәрім оқыған және пайда болған сауапты сол қайтыс болған жақынына бағыштаған.
Ансардан жақындары қайтыс болғандар қабірінің басына отырып ол үшін Құран Кәрім оқитын еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім, бір мазаратқа кіріп, Ясин сүресін оқыса Алла Тағала қабірдегілердің азабын жеңілдетеді. Оқыған кісіге сол жерде жерленгендердің санындай сауап береді».
Әли (к.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір мазараттан өтіп бара жатып «Қул Һуаллаһу ахад» сүресін он бір рет оқыса, сосын сауабын өлілерге бағыштаса оқығанға қабірстандағы өлілердің санындай сауап беріледі».
Ахмед ибн Ханбал (рах.) былай дейді: «Мазаратқа кіргендеріңде Фатиха шәріп, мұғаууизатайн (Фәләқ пен Нас сүресі) және «Қул һуаллаһу ахад» сүресін оқысын. Сауабын сонда жерленгендерге бағыштаңдар. Шүбәсіз бұл сүрелердің сауабы сондағыларға жетеді».
Пайғамбарымыз былай деген (с.а.у.): «Қабірдегі жан, суға батқан адамға ұқсайды; ұлынан немесе бауырдың немесе досының дұғасын күтеді. Олардан келетін дұға, қабірдегі өлілерге дүние және оның ішіндегінен де, қымбатты болады».