Нұрбек БЕКБАУ. Мұсылмандар жерінде неге мұнай көп?

Біріккен араб әмірліктері дейтін мемлекет бар. Айналдырғаны 30-40 жылда дамып, Дубай дейтін ертегілерде ғана айтылатын ғажап қаланы өмірге әкелді. Құм ішінде жатқан Сауд Арабиясы да соңғы жылдары қатты дамыды. Күллі мұсылманға қастерлі, қасиетті Мекке қаласын жайқалтып жіберді.

Қапқаздағы Әзірбайжан жайлы әңгіме бөлек. КСРО кезінде барған кісі қазір бұл мемлекетті танымай қалуы мүмкін. Мұнан кейінгі кезек Қазақстанда. Кеңес одағынан бөлініп шыққанда көп «СТАНның» бірі еді. Ал қазір Орта Азиядағы ең беделді мемлекеттің бірі.

Біз айтып шыққан бұл мемлекеттерді не біріктіреді? Алдымен, халқының дені - мұсылман. Екінші біріктіретіні – бұл мемлекеттердің барлығы аста-төк байлыққа мұнайдың арқасында жетті. Мұнай демекші. Осы жанармайдың үлкен қорлары негізінен ислам дінін ұстанатын елдердің территориясында жатыр. Неге бұлай? Сәйкестік пе, әлде мұнайдың пайда болуы мен Ислам дінінің арасында бір байланыс бар ма? Бұл жайында ойланып көрдіңіз бе?!

Иә, мұнай кен орындары әлемнің әр түкпірінен табылып жатыр. Венесуэлла, АҚШ, Мексика, Ресей деп (Ресей демекші. Бұл ел - мұнайды негізінен Шешенстан, батыс Сібір, орталық Орал, Орынбор губерниясының бір бөлігінен, Башқұрстан, Татарстан дейтін аймақтардан өндіріп отыр. Ал бұл өлкелерде негізінен мұсылман халықтар тұрады) мұнайы бар, біраз елді тізіп шығуға болады. Бірақ, мойындауға тиісті бір нәрсе бар.

Қара алтынның қоры ең көп аймақ бәрібір мұсылмандардың қолында. Сенбесеңіз, геология кітабын ақтарыңыз. Ол бүй дейді: Жер шарындағы ең алып мұнай бассейні «Парсы шығанағы» дейтін географиялық өлкенің астында жатыр. Ал бұл өлкеде - Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Иран және Сирия, Иордания секілді мемлекеттердің территориясы жатыр. Былай қарасаң, Құдай әдейі мұнайды мұсылман жұрттың ғана қолына беріп қойғандай көрінеді.

Осы себепті шығар, қайсыбір имам-молда «мұнай – Алланың бізге берген сиы» дегенді айтып жүр. Осы арада мынадай сұрақтың тууы да заңды сияқты. Алла мұсылман жұртын әдейі сол мұнайлы алқапқа айдап әкелді ме, әлде қара майды сол халықтың табанының астында пайда етті ме?

Мұнай қалай пайда болды?

Мұсылмандарға тиесілі жерде мұнай қайдан жүр? Бұған жауап беру үшін тағы да геология дейтін ғылымға жүгінеміз. Ол айтады: Әуелде жер шарында Гондвана және Лавразия дейтін екі-ақ құрлық бар еді. Бұл екеудің ортасында Тетис дейтін мұхит болатын. Бұл су айдыны планетамыздың қақ ортасында болғандықтан, әрі суы жылы болғасын небір тіршілік иелеріне, теңіз шаяндарына, ұлу, балдырға бай еді. Олар өсіп-өнді, өлді.

Бұлардың қалдықтары теңіз түбіне шөге берді. Шыңырау түпте су ағыны болмайды. Тиісінше, мұндай жерге ауа бара алмайды, содан әлгі қалдықтар ауа болмағандықтан шірімей іри бастады. Көп өтпей бұл шөгінділер қара майға айналды. Үстін топырақ, тас жауып, бұл май үлкен қысымнан мұнайға айналды, - дейді ғалымдар.

Осы кезде жердің тас қабықтары қозғалысқа түсіп, Лавразияның бір бүйірінен Антарктида, Африка, шығысында Австралия бөлініп шығады. «Қара құрлық» үлкен жерден босаған бетте солтүстікке қарай жылжиды да, Азиямен соқтығысады. Осы екеудің түйіскен жерінен Араб түбегі өсіп шығады да, Тетис мұхитын құрғатып жібереді. Су түбіндегі бүкіл мұнай сөйтіп, осы түбекте қалып қояды.

Арабтардың жерінің астынан мұнайдың үлкен қорының табылуын геолог мамандар осылай түсіндіреді.

87-ші сүре не дейді?

Әрине, Араб түбегіне көшіп келе бастаған көшпелі араб жұрты «оһ, мынау жердің астында мұнай бар. ХХ ғасырда бұл қара майды автокөліктің жағармайына қолданады. Ұрпағымыз содан байиды» деген жоқ. Олар бар-жоғы Құдайдың айдауымен «түбекке» келді, орнықты. Иә, оларды Алла айдап әкелді. Енді мынау бөлімнің тақырыбына кезек келді. 87-ші сүрені неге жазып қойдым? Әл-Ағла деп аталатын осы бір сүренің мынау бір аяттарын оқып таң қалғаным бар.

(3) «ОЛ алдын-ала болжап, бағыт көрсетті». (4) «ОЛ жайылымдарды өсірді». (5) «Сосын оларды құрғақ етті, сосын қап-қара қылды».

Төртінші және бесінші аяттарды қазіргі адам жақсы түсінеді. Әңгіме мұнай туралы болып жатыр. Оның өсімдік пен жәндіктердің қалдығынан пайда болғанын, ол қап-қара түске ие екенін жоғарыда жаздық.

Ал үшінші аятқа келсек. «ОЛ алдын-ала болжап, бағыт көрсетті». Не түсіндіңіз? Әлгінде айтқан, мұсылмандарды түбекке Алла айдап әкелді дегенге дәлел емес пе бұл? Жарты аралдың түбінде мұнай барын, оның бір замандарда пайдаға жарарын бір Алла білді, сол себепті мұнайдың үстіне мұсылмандарды отырғызды.

Мұса пайғамбар мен Қызыр елшінің жолығатын хикаясы есіңізде шығар. Қызыр кемені теседі, бұзық баланы мерт етеді. Ең соңында, айдаладағы қирағалы тұрған үйді екеулеп жөндейді. Мұның мәнісін сұрағанда, данагөй бүй депті: «Құлағалы тұрған үй - осы қаладағы екi жетiм баланың баспанасы едi. Үйдiң астында оларға тиесiлi қазына жатыр. Үй құласа қазынасы көрiнiп қалып, басқалар пайдаланып кетуi мүмкiн. Балалардың ата-аналары жақсы адамдар едi. Аллаһ балалар өскен кезде қазыналарын өздерi тауып алуын бұйырды».

«Ата-аналары жақсы адамдар еді»,-деген сөзді әдейі қараға боядым. Көрдіңіз бе, жетімдердің әке-шешелері жақсы болғаны үшін, олардың үйін екі пайғамбарға соққызып қойды. Қандай құрмет, иә? Мынау біздердің, қазақтардың да аяғының астынан мұнайдың бүлкілдеп шығуына бәлкім ата-бабамыздың жақсы болғаны себепкер шығар?!

Жақсы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста