Некені жасырын қию дұрыс па?

Жігітім екеуміздің болашақта үйленіп, шаңырақ көтерсек деген ниетіміз бар. Бірақ, жағдайдың жоқтығынан үйленуді кейінге қалдырсақ дейміз. Ал оған дейін екі куәгер тауып, өзара некемізді қидырып алғымыз келеді. Бұлай жасауға бола ма?

Отбасы құрып, ұрпақ көбейу – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды. Сондықтан да, осы өсиетті орындаудың жолы – неке қию. Бірақ, некені жасырын жүзеге асыруға болмайды. «Некенің шарты бойынша екі куәгер болса жеткілікті ғой» деуіңіз мүмкін, әрине. Алайда, Имам Мұхаммад, Имам Шафиғи және Имам Мәлик (р.а.) бойынша неке қиылу үшін қыз әкесінің рұқсаты керек. Қыз қамқоршысының (уәли) хабарынсыз қиылған неке – мәуқуф. Яғни, оның құптауынсыз ерлі-зайыптылардың толыққанды бірге өмір сүруіне құқығы жоқ[1]. «Егер қыздың қамқоршысы некенің өзінің рұқсатынсыз қиылып қойылғанын білсе, ол некені бұза да алады, құптай да алады» деген Имам Мұхаммед.[2]  
Сонымен қатар, жасырынып қиылған неке әлсіз, жауапкершілігі төмен болады. Ондай неке ерте ме кеш пе үзілуге жақын тұрады. Ондай жағдайда қыздың ары босқа аяққа тапталып, ертеңгі күні шоқ басып, өмір бойы опық жеп қалуы мүмкін. Өйткені, тәжірибеге сүйенсек, осылай некелескен жігіттердің көбі өзінің жарын оңай талақ ете салуға даяр тұрады. Бұл жағдайда араларында ештеңе болмаған болса, жақсы ғой. Ал егер «етегі көтеріліп қойған» болса, қыздың жағдайы не болмақ?!
Осындай келеңсіз нәтижелерді ойлағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жария ету – үй болғандықтың белгісі»[3] немесе «Шариғатқа теріс үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету»[4] деген сөздерінің астарында үлкен мән-мағына жатқандығын ұғыну қиын емес. Себебі, той жасап, ағайын-туыстың басын қосып үйленген отбасының керегесі бекем, неке жібі берік болмақ. Елдің батасымен, дұға тілегімен құрылған шаңырақтың отағасына да неке алдында көп жауапкершілік түседі. Осыны естен шығармау ләзім.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста