Еркек әйелдің, әйел еркектің киімін киюден тыйған хадис жалпыға ортақ.
Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у) ер кісілердің киімін киген әйелді және әйел кісілердің киімін киген ер кісілерді лағынеттеген»[1]. Сондықтан да, зәру жағдайлардан тыс, әйелі үйдің ішінде болса-дағы ер кісінің киімін кимегені дұрыс.
Неге десеңіз, әйел кісі үйінде де ерінің алдында барынша әйелдік биязылығын, нәзіктігін сақтап қалуға талпынуы тиіс. Ал, ер кісілердің киімі - әйел затына тән әйелдік нәзіктікті жасырады.
Көшедегі боянып-сыланып жүрген қыз-келіншекті көрген отағасы, үйіне келгенде, өз әйелін де сондай әдемі түрде көргісі келетінін қаперден шығармаған дұрыс.