Намазды шарттары мен әдептеріне сай орындау керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Имам Раббани (қ.с.) бір хатында былай дейді:
«...Парыз намаздар оқылғаннан кейін 33 рет тәсбих, тахмид, тәкбір және бір рет тәхлил оқып 100 рет оқылатын тәсбихтардың хикметі пақырдың (өзін айтып жатыр) ілімі бойынша; намазды оқып жатқанда кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, бұл ғибадатының лайықты түрде жасалмағанын мойындау. (2020) Бұл ғибадатты орындау Алла Тағаланың нәтижелендіруі арқылы жеңіл болса «Әлхамду лилләһ» деп нығметке шүкір ету, Алла Тағаладан басқасын құлшылыққа лайық санамау керек.
Намазды шарттары мен әдептеріне сай орындау керек. Сосын «Субханаллах» деп кемшіліктердің орны толтырылады. «Әлхамду лилләһ» деп (намаз оқу) нымғметіне шүкір етеді. «Аллаһу әкбар» деп Алла Тағаладан басқасының құлшылыққа лайық болғанын теріске шығарғанда бұл намаз Алла Тағаланың қабыл етуіне лайық болады. Бұл намаз оқыған (тозақтан) құтылған намазхан болады. Уа, Аллам! Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне бізді құтылған намазхандардан қыл!...» («Мәктубат Имам Раббани», 1-том, 304-хат)