Намаз оқымаған адам кәпір ме?

Намаздың исламдағы орны қандай? Кейбіреулер «Кәпір мен мүминнің арасындағы перде – намаз» деген хадиске сүйеніп, намаз оқымайтын адамдарды кәпір санап жүр. Бұл қаншалық дұрыс?
Бес уақыт намаз балиғат жасына жеткен, ақыл-есі бүтін барлық мұсылманға парыз. Оның парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген аяттарында: «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі білдірілген. Олардың кейбірі мыналар: «Барлық намаздарды және орта намазды сақтаңдар»[1]. «Расында, намаз белгіленгенарнайы уақыттарда парыз етілді»[2]. «Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаға құлшылық етуден, намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын».[3]«Намазды толық оқыңдар...»[4].
Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау»[5].
Сонымен қатар күллі Ислам ғалымдарының арасында бір күнде бес уақыт намаздың парыздығы жайлы ауызбірлік бар.
Бес уақыт намазды толық оқып, үлкен күнә жасамаған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен хадистер бар. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды»[6].
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға: «Сендердің араларыңнан бір адамның есігі алдында өзен ағып жатса, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жоқ, қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз да күнәларды тазалайды», – деп түсіндіреді[7].
Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең алдымен намазы сұралады. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тартылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз». Ұлы Раббымыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді: «Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық орындап па, кемістігі бар ма?» Егер оның парыз намаздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазылады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Алла тағала былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын толық оқыған болса, Алла тағала «Құлымның нұқсан парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді. Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша есепке тартылады»[8].
Міне, намаз осындай маңызды ғибадат. Ал сұрақтағы намаз оқымайтын адамның үкіміне келер болсақ, мұны екіге бөліп қарау керек. Кімде-кім намаздың парыздығын біле тұра мойындамаса, діннен шығады. Өйткені намаз айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Ал жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тастаған жан күнәһар болады. Бірақ кәпір емес.
Намаз оқымау – дүние мен ақырет азабына себеп. Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады: «Олар жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамына түсулеріңе нендей себеп болды?» – деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», – деп жауап қатады»[9].
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әдейі намазды тастаған адамға Алла мен пайғамбардың көмегі болмайды»,[10] – дейді. «Кімде-кім жұма намазына немқұрайлы қарап, оны үш рет тәрк етсе, Алла тағала оның жүрегіне мөр басады»[11].
Имам Ағзам мәзһабы бойынша, жалқаулық жасап, намазды тастаған адам намаздың парыздығын теріске шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәкар болады[12].
Жоғарыдағы «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз»[13] – деген хадисті тура мағынасында «намаз оқымаған адам кәпір» деп түсінуге болмайды. Кей ғалымдар хадистегі күпірлікті «намазды жалқауланып оқымаған адам емес, оның парыздығына иман келтірмеген адамға тиісті» деп жорамалдаған. Сондай-ақ бұл хадисті былай да түсінуге жол ашық. Намаздың парыздығын біле тұра жалқауланып тәрк қылған адам күпірлікке қарай алғашқы қадамын басқан болады. Хадисте «Намаз – діннің тірегі» делінген. Намазды жалқауланып тәрк қылуға дағдыланған адам бара-бара басқа да парыздарды тастауға бейім тұрады. Себебі ең ұлы парызды тастаған адамға діннің басқа да міндеттеріне салғырт қарап, оларды басы бүтін тәрк қылу әлдеқайда оңай. Кейіннен бұл ісі оны күпірлікке әкеп соқтыруы мүмкін. Олай дейтініміз, әрбір күнәда күпірлікке апарар жол болады. Кісінің жүрегі күнә арқылы қарая бастайды. Жүрегіндегі осы дақ тәуба етпеген сайын ұлғая береді. Ақырында тәубе ету қиынға соғып, кісі күпірлікке құлдилайды. Ғұмыр бойы қаза еткен намазын өтеуге ерінеді, тәубе етуге қажыр-қайраты да жетпейді.
Ондай адамға ғұмыр бойы оқымаған намаздары үшін тәубе етіп, қазасын өтегеннен гөрі санасында намаздың парыздығын, тіпті ақыретте азапқа түспес үшін тозақты да мойындамай, күпірлікті таңдауы оңайырақ көрінбек. Мысалы, бухгалтерлік қызметте отырып ұрлық жасаған немесе есебін дұрыс толтырмаған адам кейде комиссия алдында күнәсын жабу үшін құжаттар тұрған бөлмені өртеп жіберетіні тәрізді намазына немқұрайлы қараған адам үшін де тәубе етіп, кінәсін мойындағаннан гөрі жүрегіндегі әлсіз иманын жағып жіберіп, тозақты мойындамау арқылы күпірлікке құлдилаған әлдеқайда нәпсісіне жеңіл әрі оңай боп сезілуі мүмкін.
Міне, пайғамбарымыз намазды тәрк етудің жеткізер жерін көрсету үшін «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз» деп әдейі осындай ауыр ескертуін жасаған. Әйтпесе, Аллаға иман келтірген, құлшылықтың парыздығына шынайы сенген адамдар да намазды жалқаулықтан, т.б себептермен тәрк етуі мүмкін. Қалай болғанда да бұл хадисті негізге алып, айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге шығаруға болмайды. Бұлай жасау аса қауіпті. Алла елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!» десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады» – деп ескерткен.
Дінімізде намаз оқымаған адам бірден кәпір болады, сөзсіз тозаққа барады деп кесіп айтқан үкім жоқ. Әрине, намазға салғырт қарап, жалқауланып тәрк ету кісіні тозаққа лайық ететін ауыр күнә. Алайда ондай адамға жазасын беріп азаптайтын да, күнәсін кешіріп басқаша үкім беру де Алланың құзырындағы іс. Бұл жайлы Алла елшісі (с.а.у.) Ъубадату ибн Самит риуаят еткен хадисте былай дейді: «Алла тағала құлдарына бес уақыт намазды парыз етті. Кімде-кім намаздың қадір-қасиетін кемсітпестен, ешбірін қаза етпей, толық орындайтын болса, Алланың оны жұмаққа кіргізуге уәдесі бар. Ал оны орындамаған адамға Алланың ондай уәдесі жоқ. Қаласа оны азаптайды, қаласа жұмағына кіргізеді»[14].

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста