Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағала былай дейді: «Үмметіңе бес уақыт намазды парыз қылдым. Және дәргейімде; «Кімде-кім, оларды уақытында оқуды жалғастырса, оны жұмаққа кіргіземін» - деп уәде қылдым. Кімде-кім жалғастырмаса, дәргейімде оған (мұндай) уәде жоқ». («Сүнән ибн Мажа»)
Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Сондай олар (тақуалар) көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды». (Бақара сүресі, 3-аят). Бұл аяттың мәтініндегі «Салат» сөзі оқылуы баршаға белгілі – «Намаз». Намаздың оқылуы, шарттары мен рүкіндері, сүннеттері мен әдептері, мәкруһтары мен муфсидтері (намазды бұзатын нәрселер), сипаты, оқылу тәсілі «Намаз оқып жатқанда Мені көріп тұрғандай оқыңдар» хадис шәріпіне сай Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісі, сөзі және құптауынан алынған.
Бұл оқылу тәсілі о баста мұсылмандар арасында амал қылынып, мүтәуәтир жолмен жетіп, діни кітаптарда да жазылған.
Сөздікте «жүрек және тілмен айтылған дұға» және «денеге тән әрекет болған ерекше іс» мағынасына келетін «салат» сөзі дінімізде Пайғамбарымыздан көру арқылы жеткен жүрекпен, тілмен, денемен және ерекше рүкіндермен орындалатын кемел құлшылықтың аты болған.
Хадестен (дәретсіздіктен) тазалық, нәжістен тазалық, сәтр-і аурат (ұятты жерді жабу), құбылаға бет бұру, ниет деген алты шарт арқылы басталатын, ифтитаз тәкбірі, қиям, қырағат, руку, сәжде, қағда-и ахира деген рүкіндермен орындалатын ен екі парызы бар.
Фатиха, қосымша сүре және тәғдил әркан сияқты бірнеше уәжіптері, бұлардан басқа көптеген сүннеттері, мүстәхаптары, әдептері, мәуруһтары және муфсидтері бар. Сонан соң бес уақыт және жұма сияқты парыз, үтір, айт сияқты уәжіп және мүәккәд сүннет және ғайры мүәккәд сүннет, нәпіл деген бөлімдері бар. Бұлардың барлығы фиқх, ғылымхал кітаптарында жазылған.
mazhab.kz