«Фейсбуктегі» достарымның арасында уаһабилер көбейіп кетіпті. Лаж жоқ, олармен ақырындап достан шығып жатырмын.
Өйткені қазіргі заманда жаңа қазақ қоғамы үшін басты қауіп-қатер тәуекелдерінің бірі - осы бақылаусыз уаһабидің панарабтық идеологиясы. Олар ұлттық құндылықтың орнына қазақтардың санасына жат панарабтық мифтерді ауыстырып, тықпалай береді. Мақсаты – ел арасында жік туғызып, өзара арандату.
Көп қазақ ұлттық құндылығы үшін соңына дейін барыса алмайды. Себебі 70 жыл бойына қазақшылдығымыздан алшақтатуда жоғалтып, ұмытып қалған нәрсеміз өте көп. Сондықтан біраз қазақ дін ұстанған дұрыс деп, сол уаһабилік деструктивтік ағымның артынан еріп кете беруі мүмкін.
Өз басым, намаз оқимын, бірақ панарабтық идеологияны қабылдай алмаймын. Өйткені көзім ашық.
Қазір олар көбейіп бара жатыр, тіпті БАҚ, мемлекеттік орган сынды жауапты орындарға да дендеп еніп алған. Бұл – өте қауіпті жағдай.
Жалпы, қарапайым ел азаматы ретінде мен Қазақстанды Сирияға, Египетке, Сомалиге айналдырғанын қаламаймын. Мекке мен Мединаның тарихи мекені демесеңіз, сол Сауд Арабиясының қызығатын түгі жоқ.
Асқар Құмыран, саясаттанушы
Facebook-тегі жазбасы