Мейірімділік - адам бойындағы игі қасиеттердің бірі. Бұл қасиет қазіргі таңда бар ма жоқ па деген сұрақ туындайды. Мейірімділік – өмірдің мәні. Адамның бір-біріне деген мейірімі арқылы өмір қалыптасады. Жаңадан туылған сәбиге ана өз мейірімін төгеді. «Айналайын» деген сөздің астарында қандай мейірім жатыр. Қашанда ата-анасы балаларына «мейірімді, бауырмал болыңдар» деп үйретеді. Мейірімділік – адамның жүрегі арқылы күлімдеген жүзінен мейірім оты көрінетін сезім. Бұл қасиетті әркім әрқалай түсінер. Бірақ бұл қасиет қазіргі таңда жоғалып бара жатыр. Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған балалардың, баласын туа сала әжетханаға тастаған көкек аналардың, бауырын мұра үшін ештеңеден тайынбайтын бауырлардың, жетімдерді шырылдатып балалар үйіне тасатаған безбүйрек ата-аналардың, досын атақ пен даңқ үшін аяғынан шалған достардың көбеюі жүректі ауыртады. Одан қалса, қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында қол жайып, тыйын-тебен сұраған қайыршыны көргенде аяйсың. Жүрегің шымырлайды. Қалтаңдағы соңғы тыйыныңды бересің.
Мейірімділіктің жоғалуы – қазақтығымызды жоғалтумен тең Біз қазақ, қандай заман, қандай алапат күндері болсын бір-бірін сүйреген, тастамаған елдің ұрпағы емес пе едік?! Біз қазақ, қуғын-сүргін кезеңінде де жер ауып келген өзге ұлт өкілдерін бауырымызға басып, тек солар ішсін, солар жесін деп барымызды ауызына тосқан қазақтың ұрпағы емес пе едік.?! Ал бүгін ел аман, жұрт тыныш та бір-бірімізге неге мейрімділік танытпаймыз? Енді сол қазақтың ұрпағы бүгінде бір-бірін түтіп жеп жатса, бірін-бірі мысық құрлы көрмей атып жатса не дерсің?!
Аталы сөз айтар кейбір жетпісті желкілдеген қарт жиырма жасар қызға қырындаса, ал сол жиырма жасар қыз жыртыңдап көше жағалап кетсе кімнен ақыл, кімнен үміт күтпексің, қазағым?!
Адамдардың мейірімсіз болғаны соншалықты «көрмес, түйені де көрмес» болып алған. Сөзім нақты болу үшін бір мысал келтіре кетейін, бір танысым жұмыстан кешке шыққанда ұрылар оны талдырып (қыз баланы ұрған деген не сұмдық!), сөмкесін алып қашып кетеді. Қыстың қытымыр аязында екі сағат ес-түссіз жатады. Ешкім осы екі сағат аралығында көмек қолын созып, жедел жәрдем шақырмаған. Әйтеуір бір орыс кемпірі жедел жәрдем шақырған. Қандай аянышты дүние десеңізші! Кетіп бара жатып, құлап жатқан адамға көмектеспеу деген?! Сол өткен қазақтардың жүрегі осыншалықты тас бауыр ма? Қандай күйге жеткенбіз? Көзімізді соншалық шел қаптап кететіндей не күн туды екен?! Мейірімділікті өзіміздің қаракөздерден емес, өзге ұлт өкілдері көрсетіп жатса, қазақтық намысың қайда қазақ? Сөзімді аяқтай келе мейірімді болайық, бір-бірімізге үнемі қол ұшын созайық, тарылмайық, жолы сәтсіз болған жандарға дұрыс жол сілтейік дегім келеді және М.Мақатаев ақынның «Мейірім бер, қымбаттым» атты өлеңімен аяқтаймын:
Жарылқама!
Берме маған жауыздықтың семсерiн,
Мейiрiм бер, мұңайғанда жасың сүртем мен сенiң.
Мейiрiм бер,
Мейiрiм бер, жүрегiмдi тас қылма,
Үйдегi Ана мейiрiн бер түзде жортқан қасқырға.
Cергей Алпатанов
Facebbok-тегі жазбасынан
Мейірім керек, адамға!
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора