Массаж жасатудың үкімі қандай?

Ассаламу алейкум! Массаж жасатуға бола ма? Оның қандай талаптары мен тыйымдары бар?


Жауап
Уа алейкум ассалам! Денеге массаж жасатудың екі түрі бар:

1.Медициналық массаж

Медициналық массаж адамның жалпы денсаулығы үшін немесе белгілі бір дене мүше, бұлшық етінің жарақат немесе соққыдан кейін тез қалпына келтіру үшін жасалатын массаж. Массаждың бұл түрін емхана сияқты медициналық орталықтар көрсетеді. Емдік массажға қойылатын талаптар төмендегідей:

Емдеу барысында әуретке қарау және қол тигізуге рұқсат етілмейді. Ер кісінің әуреті: тізе мен кіндік арасы, ал әйелдің әуреті: бет-жүзі, қос алақаны және тобықтан төмен аяқтарынан басқа денесі түгелдей әурет;
 
Ер адамды еркек дәрігер, әйелді әйел дәрігер қарап емдеуі тиіс;
 
Емдік үшін науқастың әуретіне қарау және қол тигізу қажет болса, ағзанына тек керекті мөлшерде ғана ашуға және қол тигізуге рұқсат. Имам Науаи: «Қажеттілік ретінде бет-жүзі мен қос қолына қарау жеткілікті. Ал, адамның басқа мүшесіне қарауы қажеттілікке қарай белгіленеді[1]», &ndash дейді;
 
Әйелді емдейтін әйел дәрігер болмаған жағдайда емделуші әйелдің жанында жақын туысы немесе бір әйелдің болуы қажет.
2. Кемелдік массажы

Кемелдік массаж &ndash дене мүшені сергіту, рақат беру, пиллинг сияқты мақсатта жасалатын массаж. Массаждың бұл түріне қатысты мынадай талаптар бар:

Әйел маманның ер кісіге немесе ер маманның әйелге массаж жасауы бүтіндей және түбегейлі тыйым салынады. Бұл &ndash үлкен күнә. Зинаның бір түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...Көздің зинасы &ndash қарау, құлақтың зинасы &ndash есту, тілдің зинасы &ndash сөйлеу, қолдың зинасы &ndash ұстау...[2]», &ndash деген;
 
Ер маман ер кісіге массаж жасауы. Еркек маман ер кісінің әуретіне қарамай және қол тигізбей массаж жасауына рұқсат.
 
 Әйел маман әйел кісіге массаж жасауы. Әйел маман әйел кісінің әуретіне қарамай және қол тигізбей массаж жасауына рұқсат.
 


[1] Раудат Толибин, 5/276
[2] Бұхари, Муслим

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста