Ассалямуалейкум! Ер адамның мас кезінде есін білмей айтқан талағы талаққа жата ма? Ермағамбетова Бота.
Уағалейкумуссалам, Бота! Ислам ғалымдары арасында бұл мәселенің төңірегінде екі түрлі пікір бар. Ханафи мәзһабының бір топ ғалымдарыныі пікірі бойынша, «арақ-шарап сияқты харам нәрсе ішіп, мас болған кісінің айтқан талағы – талақ. Бұны талақ жайында айтылған аяттардағы[1] жалпылама үкімінен шығаруға болады. Сондай-ақ, бір топ сахабалар да аталмыш пікірді қолдаған».
Әйтсе де, сахаба Осман ибн Аффаның (р.а.) пәтуасы бойынша, мастың талағы талақ боп есептелмейді. Себебі, мас адам не айтқанын өзі білмейді. Ал, шариғатта ақыл-ой қабілеті толық болуы маңызды. Оның ойлау қабілеті – ақыл-есі дұрыс емес адамның немесе жас баланың деңгейінде. Соңғы екеуінің айтқан талағы талаққа жатпайды десек, мастың да талағын есептемеуге әбден болады. Бұл пәтуаны арқау еткен ғұламалар – Ханафи мәзһабының беделді екі ғұламасы Имам Тахауи мен Имам Кәрһи[2] және өзге үш мәзһаб имамдары[3].
Осы орайда, екі тұжырымды ұштастыра келе мынадай маңызды уәж алға тартқан Ханафи ғалымы әл-Хәмәуи былай дейді: «әл-Мүжтәбәда былай делінген: Мастықтың шегін анықтауда әрқилы пікір бар. Дегенмен, ғалымдарымыздан бізге жеткенге қарасақ, мас адам деп – жерді көктен, еркекті әйелден айыра алмайтын адамды айтамыз. Күмәнсіз мұндай халдегі кісінің талағы, жасаған саудасы, берген анты негізсіз. Ал, ақ пен қараны айыра алатындай дәрежедегі мастықтың аталмыш (талақ, сауда анты т.б.) істері сау адамдікі сияқты негізге алынады», – деп артынша (әл-Хамауи) – «Бұл тұжырым назарға аларлықтай орынды. Адамдардың көбі бұдан хабарсыз»[4], – деп пікірін білдірген.
Қорытындылай келе айтарымыз, не айтып не қойғанын білмейтіндей дәрежедегі мас кісінің аузынан шыққан «талақ» сөзі негізге алынбайды, талаққа есептелмейді. Ал ақ пен қараны айыра алатындай дәрежедегі мастықтың талағы – талақ.
Мас күйінде айтқан "талақ" талақ па?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора