Бір күні Абдулла ибн Омар өз жолдасына келіп:
- Тұр, базарға барамыз, - дейді.
Жолдасы таңданып:
- Ей, Омар! Сенің мінезіңді жақсы білемін. Сен базар деген нәрсені жақсы көрмейсің, онда өтірік ант етіледі, тараздан желінеді, жалған сөз айтылады, әрі шайтандырдың көп жүретін жері. Сен неге базарға барамыз деп қалдың? - деп сұрайды.
Сонда Абдулла ибн Омар:
- Базарда адамдар көп, сол жерге барсақ, сәлемді де көп беріп, сауапты мол жинаймыз, - деп жауап береді.
Міне, осылайша мұсылманның бір-бірімен сәлемдесуі сауапты істердің қатарына жатады. Алайда кейбір жағдайларда кейбір адамдармен сәлемдесу міндет емес. Олар:
1. Күнәлі іс жасап жатқан адам
2. Құран оқып отырған
3. Уағыз айтып отырған
4. Құлшылық үстіндегі адам
5. Дәрет алып жатқан
6. Тамақ жеп отырған кісі
Ал әрбір мұсылман аталған кісілерден өзге танитын-танымайтын адамдардың барлығымен «ассалаумағалейкум» деп амандасуы тиіс. Осы тұрғыда халқымыздың болар елдің баласын сәлемінен танисың дегенін есте сақтаған дұрыс-ақ.