Ертеде Қытай астанасы Пекинде Лулу есімді қыз тұрмысқа шығып, енесімен бірге тұра бастайды.
Арада біраз уақыт өткенде енесімен бір шаңырақ астында тұра алмайтынын сезеді. Өйткені, ол не істесе де енесінің көңілінен шықпайды. «Мынауың дұрыс емес», «Ананы шала істепсің» деп жақтырмай ұрыса береді. Шыдамы таусылған жас келіншек шөптермен емдейтін емшіге барып, мұңын шағады. Енесін о дүниеге аттандыру үшін шөптен улы дәрі дайындап беруін өтінеді. Емші оның сөзін мұқият тыңдайды да, бір дәріні ұсынып:
– Мынаны үш ай бойы енеңнің тамағына күніне екі рет қосып бер. Ешкім секем алмау үшін оған жақсылап қарап, сүйіп жейтін тамақтарын әзірлеп бергейсің, – дейді.
Лулу үйге қуанышы қойнына сыймай қайтты. Дереу дәмді ас әзірлеп, оған уды аздап қосып, енесінің асты-үсті түсіп, бәйек болды да қалды. Енесі де келінінің өзгергенін байқап, ұрысуға себеп таппайды. Тіпті, біраз күннен кейін қызынан да артық жақсы көре бастайды. Келіні де оған бауыр басып, істеп жүрген қылығына өкінеді. Есіне оның өлетіні түскенде тыпыршып, бір орында байыз таппай, емшінің үйіне қарай тұра жүгірді. Болған мән-жайдың бәрін баяндағанда емші жай ғана жымиып былай дейді:
– Қызым, осыдан екі ай бұрын берген дәрім жай шөп болатын. У тағамда емес, басыңда еді. Сен енеңе дұрыс сөйлеп, жағдайын жасай бастап едің ол да өзгерді. Адамдардың сені жақсы көруін қаласаң, сен де оларды жақсы көр. Өйткені, гүл ұстағанның қолында гүлдің исі қалады.
ummet.kz
Келін мен ене тату болу үшін жақсы көру сезімін ояту керек
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора