Әр мүминге ең алғаш қажет болған нәрсе – иманды, парыздарды, харамдарды үйрену. Бұларды үйренбегенше мұсылмандық дұрыс болмай, иманды ұстап тұру қиын болады.
Иман келтіру – Мұхаммед алейһиссаламға бағына бастау, бақыт есігінен ішке кіру деген сөз. Аллаһу та'ала Оны әлемдегі барлық адамды бақытқа шақыру үшін жіберді және Сәбә сүресінің 28-ші аятында: «Ей, сүйікті пайғамбарым! Сені дүниедегі барлық адамдарға мәңгі бақытты сүйіншілеу және бұл бақыт жолын көрсету үшін адамзатқа жіберіп жатырмын» деді.
Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адамның күн ортасында бір мезгіл ұйықтауы Оған бағынбай көптеген түндерді ғибадатпен өткізуінен қаншама есе құндырақ. Өйткені қайлулә жасау, яғни түске дейін біраз жату пайғамбарымыздың әдеті еді. Мысалы, Оның діні бұйырғандықтан айт күні ораза ұстамау және ішіп-жеу, Оның дінінде болмай жылдар бойы ұсталған оразалардан құндырақ. Оның дінінің әмірімен кедейге берілген зекет деп аталатын аздаған нәрсе, өз қалауымен таудай алтын садақа беруден абзалырақ. Хазреті Омар бір күні таң намазын жамағатпен оқығаннан кейін жамағатқа қарап, бір адамды көрмегені үшін қайда екенін сұрады. Жанындағылар айтты:
-Ол түндерді таңға дейін ғибадат жасап өткізеді. Бәлкім қазір ұйықтап қалған шығар.
Осыған орай хазреті Омар:
-Әттең, түні бойы ұйықтап, таң намазын жамағатпен оқығанында ғой, жақсырақ болар еді, - деді.
Ислам дінінен адасқандар қиындық шегіп, нәпісін қинап жатқан болса да, бұл әрекеттері дінге сай жасалмағандықтан, қадірі жоқ және бос әурешілік болып табылады. Егер осы әрекеттерінен марапат пайда болса, дүниелік бірнеше пайдамен шектеліп қалады. Алайда бүкіл дүниенің қадірі мен маңызы не бопты, бұның бірнешеуінің абыройы болатындай! Олар, мысалы, қоқыс жинаушыға ұқсайды. Қоқыс жинаушылар бәрінен көп жұмыс істейді және шаршайды. Жалақылары да бәрінен аз. Ал Ислам дініне бағынғандар, әсем гауһарлар және құнды тастармен айналысатын зергерлер сияқты. Олардың жұмысы аз, табыстары өте көп. Кейде бір сағаттық жұмыстары жүз мыңдаған жылдық табысты шығарады. Мұның себебі, Ислам дініне сай жасалған амалды Аллаһу та'ала қабыл етеді, одан разы болады және қатты ұнатады.
Олай болса, әр мүминге ең алғаш қажет болғаны, бірінші парыз болған нәрсе – иманды, парыздарды, харамдардыүйрену. Бұларды үйренбегенше мұсылмандық бола алмайды, иманды ұстап қалу мүмкін болмайды. Хақ қарыздары мен құл қарыздары өтелмейді. Ниет, мінез түзелмейді және тазаланбайды. Ал дұрыс ниет жасалмаса, ешбір парыз қабыл болмайды. Сондықтан, әркімнің илмихал білімдерін үйренуі керек. Хадис шәрифте:
«Бір сағат білім үйрену немесе үйрету таңға дейін ғибадат жасаудан әлдеқайда сауаптырақ» делінді...
Иманды, парыз бен харамдарды үйрену
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора