Көршілес Ресей елі «Иегов куәгерлерін» экстремистік ұйым деп танып, олардың жұмысына заңмен тыйым салды. Ресей федерациясының Жоғарғы Соты Әділет министрлігі жолдаған арызды қанағаттандыра отырып, сәуір айының 20-жұлдызында осындай үкім шығарған.
Сот үкімі бойынша Ресей аумағындағы «Иегова куәгерлері» ұйымының 395 бөлімшесінің жұмысына тоқтау салынып, олардың мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленетін болмақ.
Бұл оқиға қатысты Брюссель билігі «Иегова куәгерлеріне» қолдау танытып, Ресей үкіміне қарсылық көрсетіп отыр. Бұл жайында Еуро Одақтың ішкі істеріне жауапты сайт бетінде арнайы мәлімдеме де жариялаған екен.