Менің бұрынғы оразадан қалған қарыздарым бар. Оны қалай өтеймін, алдағы оразамен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?
Жансая, Балқаш қаласы
Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін», - дей отырып, Алла Тағала қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал. Қазірден есептесек, Рамазан айының кіруіне бірнеше күн бар. Осы күндерді пайдаланып өткен жылдан қалған оразаңыздың қазасын өтеп алғаныңыз жөн. Ал Рамазанға дейін өтеп үлгермейтін болсаңыз, онда оны рамазаннан кейін де өтей аласыз. Кейбіреулер «өткен оразалардың қазасын алдағы Рамазанның оразасымен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?» деген де сұрақ қойып жатады. Дінде бұған рұқсат жоқ. Қазаға ораза жеке ұсталады.
Ескі оразадан қарызы бар адам не істейді?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора