Расулуллаһ (Аллаһ Елшісі) (с.ғ.с.) Қағбаға жиі келіп намаз оқитын. Бір жолы ол намазға кіріскенде, Қағбаға оны жек көретін құрайыш көсемдері кіріп келеді.
Олардың басшысы Әбу Жаһил:
- Мұхаммедтің тым-тырыс намаз оқып жатқанын қарашы. Кәне біреуің барып түйенің ішектерін әкеліңдер! - деп әмір етеді. Біреуі тез мал соятын жерге барып жидіп кеткен ішектер алып келіп, Мұхаммед (с.ғ.с.) сәждеге бас қойғанда олар әлгі ішектерді басына үйе салады.
Ішектер сұмдық ауыр әрі сасық болатын. Көсемдер айыздары қанып, рахаттана күледі. Олар халықтың өздеріне құлақ аспай, Пайғамбарға (с.ғ.с.) ергеніне ызалы еді.
Ислам жауларының не істеп жатқанын көрген Аллаһ елшісінің қызы Фатима жүгіріп келіп, сасық ішектерді әкесінің басынан жұлып алып, лақтырып, әлгілерге айғайлап, қорлыққа шыдамай жылап жібереді.
Пайғамбар (с.ғ.с.) оны жұбатып:
- Қызым, мені аяп жыламай-ақ қой, Аллаһ менімен бірге. Ол - Ең Ұлы Қорғаушы, - дейді.
Фатима өмір бойы әкесінің сүйікті қызы атанып, оны қатты құрметтеп өтіпті.
Тіпті бір жолы көп еңбектенгеннен алақандары ойылып, қолдары жарылып кеткендіктен, әкесіне келіп, өзіне бір қызметші беруді сұрағанда, ол кісі:
- Қызым, мен сенің қатты қиналып жүргеніңді көріп отырмын. Дегенмен, менің кейбір дінбауырларым аш жүргенде, қалай саған қызметші жібермекпін? - дейді. Әкесінің халқына сүйіспеншілігін жақсы білетін Фатима ренжіместен, рахметін айтып, бұрылып кетіп қалады. Оны Пайғамбар (с.ғ.с.): "Жәннаттағы жас әйелдердің алғашқысы", - деп атаған екен.
Авторы: Пернегүл Үсенова,
https://gibrat.kz/
Ең Ұлы Қорғаушы
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора