1. Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла «Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе: «...таң сәріден жарылқау тілеушілер», &ndash деген.
 2. Жеке қалып ойлану. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 191-аятында: «Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады», &ndash деген.
3. Жақсы адамдармен араласу. Алла Тағала «Кәһф» сүресінің 28-аятында: «жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет», &ndash деген.
 4. Зікір ету. Алла Тағала «Ахзап» сүресінің 41-аятында: «Алланы өте көп зікір етіңдер», &ndash деген.
5. Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун» сүресінің 2-аятында: «Мүміндер намаздарында іштей жалбарынады», &ndash деген.
 6. Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла «Ниса» сүресінің 82-аятында: «Ал, сонда олар Құранды түсінбей ме?», &ndash деген.
7. Аптап ыстық күнде ораза ұстау.
8. Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Оңқолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасырын болуы керек» деген.
9. Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу, қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте: «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайымқайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет-қайымныңқайғы-мұңдарының бірінен құтқарады»,&ndash деген.
 10. Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау). Алла Тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында: «Ақырет қайырлы да тұрақты», &ndash деген.
mazhab.kz