Ертең – күллі мұсылман жамағаты үшін ұлық мереке саналатын Құрбан айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, Айт намазы елордада таңғы сағат 7-ден 45 минут өткенде, Алматыда 7 жарымда оқылады. Содан кейін, құрбандық шалуға рұқсат етіледі. Дін өкілдері бұл күні барлық қалаларда арнайы құрбандық шалу орындарын әзірлеген. Жағдайы келетін азаматтар сол жерде мұқтаж жандарға құрбандыққа шалынған мал етін үлестіруіне болады. Құрбан айт мерекесі үш күнге созылады. Төлеби Оспан «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы -Төрт түлік малдың ішінде қой мен ешкі, уақ малдың ішінде ірі-қарадан сиыр мен түйе малдары шалынады. Қой мен ешкінің еркек малы, ал ірі-қара малдың ұрғашысы шалынғаны абзал делінген. Алайда осы аталған төрт түлік малдың ұрғашысы да, еркегі де құрбандыққа шалуға жарайды. khabar.kz
Елордада Айт намазы 07.45-те оқылады
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора