Әбу Һурайра (Оған Алланың рақымы болсын): «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Алланың алдында әлсіз мүмінге қарағанда күшті мүмін әлдеқайда жақсы әрі ұнамды. Десе де (иманды болғандықтан) екеуі де қайырлы.
Әрдайым өзіңе пайдалы істің соңында бол. Алладан ғана медет тілеп, әлсіздікке бой алдырма.
Басыңа күн туса, “егер былай істесем, былай болар еді” - деме.
Керісінше, “бұл Алланың жазғаны, Соныңқалағаны болады” - дегін.
Өйткені, “егер” деген сөз шайтанның азғыруына жол ашады - деп айтты» - деген.
(Муслим риуаят еткен)