Дін мен дәстүрге берік болғандар жанұяларын сақтап қалады

Мен өмірге мұсылман боп келдім. Аллаға шүкір, қазір де мұсылманмын. Мені мұсылман еткен Ислам болса, сол мұсылмандық жолға жетелеген менің елімнің дәстүрі болатын. Ұлы Жаратушының мейірімі қазақты халық ретінде біртұтас етіп сақтады. Өйткені менің ата-бабамның Алланың хақ дініне деген сүйіспеншілігі зор еді. Әйтпесе тарих беттерінде жойылып кеткен қаншама ұлт пен ұлыс бар. Жаратқан Иенің жоңғарларға қаһары Исламды емес, Будданы қош көргендіктен, Аллаға емес, тас құдайға сыйынғаннан болды емес пе? Ал сол кезде көшпенді қазақ елінің сыйынғаны бір Алла, құрбандығын да бір Аллаға арнайтын еді. Міне, Алла бізді осы үшін сақтады. Біздің жер бетінде ұлт болып, мемлекет болып ойып тұрып орын алуымыздың өзі – біздің Ислам және Дәстүрді қатар ұстануымыздан болып тұр.

Дәстүр дегенді қазақтың ас та төк тойы, не болмаса, сол қазақтың өзіне тән әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары деп қабылдаймыз. Терминологиялық сөздік мағынасында солай шығар. Ал меніңше дәстүр одан да терең мазмұнға ие.
Біз дәстүрмен өстік. Кеңес өкіметі Исламды ұмыттырғанмен, дәстүрді ұмыттыра алмады. Дәстүрді аман сақтаумен дініміз қайта жаңғырды. Мен көрген дәстүрлер қандай еді?
Мен өскен ауылда дәстүр су ішкен құдығыңа түкірмеуден басталатын. Бүтін бір елге, не адамға зиян келтіру былай тұрсын, аулада тұрған құдықты қалай қадірлеуші едік. Өйткені ол құдықты әкеміз өз еңбегімен, маңдайынан тер сорғалап қазды. Ол құдықтан күнде шешеміз иығы қайысып су таситын. Ол құдықта біздің тіршілігіміздің нәрі жатты тұп-тұнық боп. Біз сол тұнықты іштік. Оған түкірмек түгілі, қылаудай нәрсе, шөп-шалам түсіп кетуден қорғадық. Қазір бүтін бір елге зиянкестік жасап, лаңкестік әрекеттермен ғимараттарды жарып жатқандардың халі қандай аянышты және жиіркенішті?! Бұл – адам баласының азуы. Өзгенің еңбегін еш ету, өзгенің қолынан шыққан дүниелерді талқандау, өзі тұрып жатқан елінің тұрмысын бұзу, ана мен сәбиді жылату – үлкен әділетсіздік. Өйткені, олар мен көрген Дәстүрді көрген жоқ. Су ішкен құдығыңа түкірмеу туралы дәстүрді көріп өспеді.
Мен өскен ауылда екінші дәстүр үлкенді сыйлау болатын. Қарттың жолын қия өтпейтінбіз. Үйдің билігі ата-әжемізде. Солар басқарады, солар шешеді. Үлкендер шешсе ғана барлық нәрсе оңай шешілетін. Бір үйде бес келін мен бес баланың басын біріктіріп, оларды ың-шыңсыз ұстау қандай ғанибет тәрбие еді? Сосын бір мал сойып, еншісін беріп, бөлек отау етіп шығаратын. Бәрі әдеппен, ибамен, дәстүрмен жасалатын. Үлкенді сыйлаудың арты осылай берекелі тоймен, ақ бата-тілекпен аяқталатын. Сондықтан біз үлкенді көрсек, оларды асқан ақылдың иесі деп ойлайтынбыз. Біз көрген әрбір қарияның бойында уақыт өзі қолымен құйған кемеңгерлік, даналық жататын. Үлкеннің жолын кесу, не олар сөйлеп жатқанда сөзін бөлу – біз үшін қылмыспен тең болатын. Міне, осы «қылмыстан» бойымызды аулақ ұстағанымыз соншалықты, бұл дәстүр біздің өмірімізді қалыптастырып берді. Осы дәстүрден елдің басшысын – Елбасын сыйлауды, тіпті, ол туралы жаман сөз айтпауды үйрендік. Осы дәстүр ел қамын жеген ұлт басшысына деген құрметті бойымызға құйды.
Мен көрген үшінші дәстүр. Бұл ең маңыздысы десем де болатын шығар. Осы дәстүрді біз тастап қойдық. Осы дәстүрдің байыбына бара да алмай жүрміз.
Мен ес біліп, мектепке барған жылы еліміз өз егемендігін алды. Жас мемлекет етек-жеңін жиып, бой түзегенше қиындықтар болып жатты. Сол тұста біздің ауылда саудагерлік көбейді. Иран мен Бакуден келетін Вакус, Ловис деген тәттілерді сол кезде көрдік. Жұрт облыс орталығынан «Рояль» деген спиртті әкеліп, үйлерінде не базарға шығарып сататын. Спиртке су қосып арақ жасайтын. Бір «Рояльдан» бес бөтелке арақ шығаратын. Құныққандар спиртін аз ғып, суға дихлофос қосып он бөтелке шығаратын. Осы тұста біздің ауылда тепсе темір үзетін жігіттер уланудан не бауыр еті езілуден баудай түсіп қырылып жатты. Менің оң жақ және сол жағымдағы көрші ағаларым Мақсат пен Жаңабай екеуі де сол жылдары көз жұмды. Олардың қасындағы бөтелкелестерінен де қазір ешкім тірі емес. Менің нағашы ағам да ішкілікке салынды. Удай мас боп келгенде жеңгем оның үсті-басын тазалап, сорпа беріп ұйықтатып, таңертең тап-таза қып киіндіріп, жұмысына жіберетін. Кешке тағы ішіп келеді. Былғанған үсті-басын тазалап жатқан әйелін балағаттап жатса да, жеңгем қыңқ демейтін. Алдап-сулап, «Сенен жақсы адам жоқ» деп, қатты көнбей жағаласып жатса, ішіп отырған шай не суына ұйықтатын дәріні білдіртпей салып беретін. Отырған орнында ұйықтап қалған нағашымды жеңгем сүйемелдеп жүріп төсегіне жатқызатын. Таңертең түк болмағандай нағашым тап-таза киіммен жұмысына кетіп бара жататын.
Мен осы көріністі көрдім. Бұл менің бала көңілімде жатталып қалды. Менің жеңгем сол кезде ауыр тағдырына налыған жоқ. Не бала-шағасын шұбыртып, ажырасам деп айқай-шу да шығармады. Не деген мәрттік, не деген төзім! «Оны ұстаған не екен?» деп мен кейін таң қалатынмын. Уақыт өте келе мен оның жауабын білдім. Оны ұстаған қазақтың қарапайым, бірақ ұлы дәстүрі еді. Әкесінің «Тастай батып, судай сің», «Қосағыңмен қоса ағар» деп бата берген дәстүрі еді. Бұл менің жеңгем үшін құр сөздер емес. Ол осы сөзді өзіне аманат етті. Бұл бір отбасының өміріне шеге боп қағылған аталы сөз болатын. Ол шегені суырып тастауға ешкімнің батылы жетпейтін. Шегені суыру дәстүрден аттау болатын. Осы шегедей аталы сөзді менің жеңгем арқалап өтті өмір бойына. Тастай батты, судай сіңді. Шыдады. Төзді. Көзінің жасын сығып алып жүріп, күйеуінің абыройына, қарашаңырақтың беделіне дақ түсірген жоқ. Егер сол кезде ажырасып кетсе не болар еді? Нағашы ағам одан бетер ішкілікке түсіп, ақыры ажалы арақтан болар еді. Төрт бала тағдырына налыр еді.
Қазір ше? Қазір олар үлкен отбасы. Ұлдары үйленіп, немерелі болды. Қыздарын ұзатып, өрісін кеңейтті. Құда-құдағайлары бар, сыйласатын дос-жарандары бар. Нағашы ағам да арақ ішуді қойды. Қазір көп ортасында жарқын-жарқын сөйлеп, абырой мен беделді өзі жинағандай масайрайды. Оның бүгінгі биігінде жеңгемнің сары алтындай сабыры, темір төзімі, ең бастысы – ол сыйлаған дәстүр жатыр.
Міне, осы дәстүрге тісімен жабысқандар сол кезде жанұяларын сақтап қалды. Бұл дәстүр – шаңырақты шайқалтпау үшін күйеуін сыйлап, оның ата-анасын құрметтеп, келіндік қызметін адал атқару дәстүрі болатын. Мен жеңгемнен осы күні сұраймын ғой: «Сол кезде сіз күйеуіңізге қалай шыдадыңыз?», – деп, ол: «Шыдамағанда ше, ақ некемен қосылған жарым емес пе? Ол бұзылды деп мен бұзылсам, балаларымның болашағы не болады? Оның басын көрге емес, төрге сүйредім. Әрі «Қайтып келген қыз жаман» деген сөзден қаштым, ата-анамның бетіне шіркеу болғым келмеді», – дейді. «Қырық үйден тыйым көріп өскен қыздың» асыл тәрбиесі бұл.
Сол дәстүрді сыйлаған тәрбиелі жеңгені көріп мен өстім. Қазіргі уақытта менің құрбыларымның арасында ажырасқандары көп. Олар өз күйеулерінің қателіктеріне, пендеуи кемшіліктеріне шыдай алмағандарын айтады. Әрқайсысында екі не үш баладан. Екінші рет күйеуге шығып, одан да ажырасып, үшінші рет тұрмысқа шығып жатқандары да бар. Дініміз қайда, дәстүріміз қайда? Әркім қарақан басын, құлқын ойлайтын болса, мына әлем бытшыт болмай ма? Бытшыт болмау үшін бізге Алла Тағала Ислам мен дәстүрді жіберді. Иманға негізделген, ұлттық құндылықтардан тұратын асыл дәстүріміз бізді қай қиындықтан да құтқарады емес пе? Тіпті асыл әжелеріміз отағасының өзінен кейін алған жұбайлары үшін шу шығармайтын да еді ғой. Не үшін? Дін мен дәстүрді сыйлайтындықтары үшін. Ал қазір бір күйеудің бабын таба алмайтын, дін мен дәстүрге түкіргенім бар дейтін әйелдер көп.
Шариғаттың бұлжымас қағидалары менің елімнің дәстүріне айналғанын мен бала кезімде білген емеспін. Тіпті «Лә илаһа иллала» деген сөзді жаттатқан да ешкім болған емес. Бірақ мен тасаттық көрдім. Жаңбыр жаумай қалған жазда ауыл үлкендері жиналып, ауыл шетіндегі тақырға апарып мал соятын. Сосын ауыл-дың ең үлкен қариясы көкке қолын жайып, ұзааақ уақыт күбірлейтін. Ауыл адамдары бұл дәстүрге түгел қатысатын, барлығы ақ сақалды қариямен бірге қолын жайып отыратын. Ауыл балаларының барлығына да әжелері ұрсып, қолын жайғызатын. Күбірлеп, көкке телмірген қарияның жүзі менің әлі күнге көз алдымда. Бір қызығы, тура осы рәсім біткесін кешке не түнде не келесі күні міндетті түрде жауын жауатын. Біз қуанып, ақ сақалды қарияны көкте тыңдайтын және оның сұрағанын қайтармайтын Біреу барын сезуші едік.
Мен шілдехана көрдім. Анам інімді туғанда әкем қуаныштан бір емес, екі еркек мал сойған. Туған-туысқандарымызбен бірге мәз болысып, інім үйге келген күні шашу шашып, шашын алып, атын қойып, бесікке салып, «тыштырма» жасап, бір мәре-сәре болдық.
Мен Құрбан айт деп, нәпіл садақа деп бір қойды сойып, көршілерді шақырып, сол қойдың етін ауыл адамдарына түгел жегізген дастарханды көрдім.
Айта берсем, мен туылып дүниеге келген сәттен бастап салт-дәстүрмен өсіппін. Мен шариғат туралы егжей-тегжейлі ештеңе білмей өссем де, мен көрген салт-дәстүрлер шариғаттың нақ өзі екен. Міне, маған бүгін дін де, дәстүр де жат емес. Өйткені мен бұл екеуін анамның құрсағында жатып бойыма сіңірдім.
Менің ауылымды бір кезде тоз-тоз болып кетуден дін мен дәстүр сақтап қалды. Дін мен дәстүр – әлемді құтқаратын дәрілер. Ислам мен дәстүрден алыс болған әрбір бұзақы ғана елдің тынышын алады, жамандықтың дәнін егеді. Ал менің елім дін мен дәстүрден еш ажыраған емес.
Дін дегеніміз – Құдайға білімсіз, надандықпен құлшылық ету емес. Көкіректі білімнің нұрымен ашпай қай құлшылық қабыл болады? Біздің құлшылығымыз Ислам қағидаларын және дәстүрді қатар орындаумен толығады. Кез келген жан шариғаттың жілік майын шаға алмайды. Міне, осындайда сол шариғаттан сұрыпталған Дәстүр бізге көмекші. Дін ғалымдары бүкіл өмірін арнап, зерделеп жазып кеткен жүз кітабының тоқетерін мен өзімнің Дәстүрімнен табамын. Діннен бастауын алған Дәстүр бізді азғындықтан құтқарады.
Менің қазір сәбилерім өсіп келеді. Олардың бойында да Ислам мен Дәстүрдің нұры бар. Мен оларға өзім көріп өскен ең зерделі, ең ғанибет сол дәстүрлерді әңгімелеп беруден жалықпаймын. Олар да Ислам және Дәстүрдің тағылымымен өссін.
Сіздер ше, саф дініміз Исламнан нәр алған қандай Дәстүр көрдіңіздер?
www.islam-orkeniet.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста