Дін мен дәстүр: Қазақтың мақал-мәтелі Хадиске ұқсас келеді

Діни сенімге дәлел сөздер

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін діни мәтіндерді, нақыл сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе ұқсас ел арасында кең тараған мақал-мәтелдермен, сөз оралымдармен салыстыра ұсынып отырмыз. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен сабақтасып жатқандығын білдіреді.

Нақыл: «Сөзі көбейгеннің қателігі көбейеді». Омар ибн Хаттабтың (р.а.) сөзі. Қазақ мақалдары: «Кісі қызыл тілден өледі, түлкі қызыл жүннен өледі»; «Мал басынан байланады, адам тілінен байланады»; «Айтпас жерде тілің тарт».

*****

Хадисте: «Кім үндемесе, құтылады». Қазақ мақалы: «Үндемеген үйдей бәледен құтылады».

*****

Хадисте: «Адам баласының қателіктерінің көбісі – тілінен».
Қазақ мақалдары: «Басқа бәле – тілден»; «Адам көңілінен азады, тілінен жазады»;

*****

Хадисте: «Жиһадтың ең абзалы – қатыгез сұлтанның алдында әділ сөз айту». Қазақ мақалдары: «Ала сөйлеп ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп халыққа жақ».

*****

Хадисте: «Ащы болса да хақты айт». Қазақ мақалы: «Ащы болса да шындықты айт».

*****

Хадис: «Естіген хабар көзбен көргендей болмайды». Қазақ мақалдары: «Көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік»; «Мың естігеннен бір көрген артық».

*****

Әли ибн Әбу Талибтен (р.а.) жеткен риуаятта: «Шындық пен өтіріктің арасы төрт саусақ». Қазақ мәтелі: «Өтірік пен шындықтың арасы төрт елі».

*****

Хадисте: «Әрбір адам жолдасының дінінде болады». Қазақ мақалдары: «Ері жігіт жолдасымен танылады»; «Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты».

*****
Хадисте: «Жолдан бұрын жолдас ізде, үйден бұрын көрші ізде». Қазақ мақалы: «Жолға шықпас бұрын, жолдасыңды сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла».

*****

Хадисте: «Жақсы сұхбаттас пен жаман сұхбаттастың мысалы миск тасушы мен көрік үрлеушінің мысалындай. Миск тасушы не саған (әтірін) тарту етеді, не өзің одан сатып аласың, тіпті болмағанда (қасыңнан өткенде) жағымды жұпар иісті сезінесің. Ал көрік үрлеуші не киіміңді күйдіреді, не одан жағымсыз нашар иісті сезінесің». Қазақ мақалы: «Жақсыменен сөйлессең, құмарыңды қандырар, жаманменен сөйлессең, көңілінді қалдырар».

*****

Хадисте: «Игі кісі игі хабар әкеледі, нашар кісі жаман хабар әкеледі».
Қазақ мақалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат».

*****

Хадисте: «Игілікті түсі игілерден іздеңдер». Қазақ мәтелі: «Түсі игіден түңілме».

*****

Хадисте: «Мүмін – мүміннің айнасы». Қазақ мәтелі: «Мұсылман – мұсылманның айнасы».

*****

Хадисте: «Аз барсаң, ардағың артады». Қазақ мақалдары: «Ағайынмен алыстан сыйласқан жөн»; «Жиі барсаң, жалықтырасың».

*****

Хадисте: «Уа, Алла! Үмбетімнің ерте тұрғанына береке бер!».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»; «Өлімнен басқаның ертесі жақсы».

*****

Хадисте: «Пенделер аман-сау тұрған әрбір күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Уа, Алла! Қайыр шығарғанға қарымта бер!» – дейді, ал екіншісі: «Уа, Алла! Шығармағанға шығын бер!» – дейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Қолы ашықтың жолы ашық»; «Қайырлы іс адамнан қайтпаса, Құдайдан қайтады».

*****

Алла Тағала былай дейді: «..Олардың (мүмін-дердің) істері кеңеспен бітеді..». Алла Тағала былай дейді: «..(Уа, Мұхаммед) Іс туралы олармен (мүміндермен) кеңес..». Қазақ мақалдары: «Кеңесіп тіккен тон келте болмас»; «Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды»; «Бір кісінікі мақұл, екі кісінікі ақыл».

*****

Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға бойсұныңдар, Елшіге және әміршілеріңе бойсұныңдар!». Қазақ мақалы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».

*****

Хадисте: «Расында байлық дегеніміз заттың көптігі емес, байлық дегеніміз жанның байлығы», – деген. Қазақ мәтелі: «Басты байлық – көңіл байлығы».

«Дін мен дәстүр» 

кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 08.02.201507.02.2015 06.02.2015, 05.02.2015, 04.01.2015, 03.02.2015, 02.01.2015, 01.02.2015,  31.01.2015, 30.01.2015, 29.01.2015, 28.01.2015, 27.01.2015, 26.01.2015, 23.01.2015, 22.01.2015, 21.01.2015, 20.01.2015, 19.01.2015, 18.01.2015, 17.01.2015, 16.01.2015, 15.01.2015, 14.01.2015, 13.01.2015, 12.01.2015  30.01.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста