Дін мен дәстүр: Қазақ достықты ерекше құрметтейтін халық

Дос-жаран
Қазақ халқы достықты ерекше құрметтейтін халық. Бұрынғы қазақтар достасу, достық сөздерімен бірге тамыр болу, анда дос болу деген сөз тіркестерін де көбірек қолданған. Екі жігіт қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішкен. Айнымас достықтың белгісі болсын деп бір-біріне қымбат бағалы бұйымдар ұсынған. Дәйім тығыз қарым-қатынаста болып, арадағы байланыс үзілмеген. Жақсы жолдастар кейде өзара байланысты одан әрі нығайту үшін ұл-қыздарын үйлендіріп, құдандалы адамдарға айналған.

Абыз жырауларымыздан мынадай өлең шумақтары қалған:
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса түбі бос болмас.

Екі сырттан ит болса,
Қой жібермес қорадан,
Екі жігіт тең болса,
Ат жібермес арадан.
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) жолдас сынын былай деп жырлайды:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Сондай-ақ, халық арасында достықтың қадірі жайлы мынадай мақал-мәтелдер тараған. «Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа». «Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір». «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады». «Досың көңіліңді суытып айтады, қасың ойыңды жылытып айтады».
Осы айтылған ер-азаматтар арасындағы алғаусыз адал достық пейіл, мәрттік мінез жалпы мұсылмандық пайымдағы мүмін атаулыға меймандос көңілмен бір арнада тоғысады. Алла жолында дос болып, бауырласқан жандар түбінде жұмаққа да бірге кіреді. Оның ең ұлы мысалы ретінде Меккеден көшіп келген мүһәжірлер мен Мәдиналық ансарлар арасындағы бауырмалдықтан алға тартуға болады.
Алла Тағала былай дейді: «Ал жұртты (Мәдинаны) және иманды тұрақ еткендер (ансарлықтар) болса, өздеріне көшіп келгендерді жақсы көреді де, оларға берілген нәрселер үшін көңілдерінде дық сақтамайды. Тіпті, өздерінде таршылық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Ал кімде-кім өзінің сараңдығынан сақтанса, солар – табысқа жеткендер!».
Пайғамбар (с.а.с.) дос таңдауды қателеспеуге, жақсы жанмен жолдас болуға шақырады. Өйткені «мұсылман – мұсылманның айнасы», дос арқылы адамның ғұмырлық ұстанымын, қадір-қасиетін бағамдауға болады.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан да сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын», – деген.
Жақсы жолдас қасыңда болса, көмегі мен кеңесін аямайды, сыртта болса, сыртыңнан тілеулес болады.
Бір кісі: «Уа, Расулалла! Жолдастардың ең жақсысы қандай?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Ең жақсысы – егер атың аталса, саған болысып, ал егер ұмытылсаң есіне алатыны», – деген.
Ал жолдастың нашарынан қазақ сақтана білген. Қара өлеңде айтылғандай:
Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болуға жаманменен,
Тар жерде ер-тоқымын сұрай ма деп.
«Жақсы жігіт – жаныңа жолдас, жаман жігіт – малыңа жолдас» делінеді халық мақалында. Байлық пен билік барда жолдас болып, одан айрылғанда алыстайтын мал-мүлік, мүдде, дүние үшін немесе күнә жолында дос болғандар Қиямет күні бір-біріне дұшпан болады. Бір-бірінен ақысын даулап, бірін-бірі айыптайды. Ол туралы қасиетті аяттарда айтылған. Алла Тағала былай дейді: «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады».
Арақ ішу, құмар ойыны және басқа да Алланы еске алудан алыстататын күнәлі істер жолындағы достық ақиретте опық жегізеді.
Алла Тағала былай деген: «(Қиямет күні залымдар былай дейді) Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпаған болсам еді. Ол мен өзіме жеткен зікірден (Құраннан) алыстатты. Шайтан адамға опық жегізеді».
Ал бір-бірімен Алла разылығы үшін бауырларға айналған тақуа мүмін жандар Қияметте сол имани байланыстарының пайдасын көреді.
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні ешқандай көлеңке болмаған кезде Алла Тағала жеті адамға көлеңке береді. Олар: әділ имам (басшы да жатады), Даңқты һәм Ұлық Аллаға құлшылықпен есейген жас жігіт, жүрегі мешітке байланған кісі, бір-бірін Алла жолында жақсы көріп, сол жолда жиналып, сол жолда тарқасқан екі жолдас, сұлу әйел күнәлі іске шақырғанда «Мен Алла Тағаладан қорқамын» деп бас тартқан ер, садақаны жасырын түрде көп беріп, оның санын білмейтін бай, оңашада Алланы есіне алып, қорқыныштан көзіне жас алған адам».
Хикмет пен даналыққа толы хадис жинақтарында достық жайлы төмендегідей риуаяттар бар.
Әбу Мұса Ашғариден (р.а.) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Жақсы сұхбаттас пен жаман сұхбаттастың мысалы миск тасушы мен көрік үрлеушінің мысалындай. Миск тасушы не саған (әтірін) тарту етеді, не өзің одан сатып аласың, тіпті болмағанда (қасыңнан өткенде) жағымды жұпар иісті сезінесің. Ал көрік үрлеуші не киіміңді күйдіреді, не одан жағымсыз нашар иісті сезінесің».
Абдулла ибн Ғамырден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Алланың дәргейінде жолдастардың ең қайырлысы – жолдасына қайырлы бола білгені. Алланың дәргейінде көршілердің ең қайырлысы – көршісіне қайырлы бола алғаны», – деген.
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Иман келтірген жанмен ғана жолдас бол! Асыңды да тек тақуалар ғана жесін!» – деп өсиет еткен.

«Дін мен дәстүр»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 03.02.201502.01.201501.02.201531.01.2015, 30.01.2015, 29.01.2015, 28.01.2015, 27.01.2015, 26.01.2015, 23.01.2015, 22.01.2015, 21.01.2015, 20.01.2015, 19.01.2015, 18.01.2015, 17.01.2015, 16.01.2015, 15.01.2015, 14.01.2015, 13.01.2015, 12.01.2015  30.01.2015).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста