"Бұл — статус емес, Алламен байланыс": ҚМДБ өкілі 100 рет қажылыққа бардым деген қажы туралы

Жуырда Амангелді қажы Еренғайыпұлы 100 рет қажылыққа барып келгенін айтып, дүркіретіп той жасады. Бірі мұны астамшылыққа баласа, енді екіншісі қуанышын бөлісу деп бағалады. Осы орайда ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов осы ұлан-асыр тойға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

ҚМДБ өкілі әр нәрсенің екі жағы болатынын айтып, Амангелді қажы Еренғайыпұлының 16 мың азаматты қажылыққа апарып келгеніне тоқталды. Оның фирмасы қажылықты ұйымдастыратындар ішінде ең үздігі болмаса да, 18 фирманың ортаңқолы қатарында. Өзінің тұрақты клиенттері бар.

«Еренғайыпұлының осы күнге дейін басқа азаматтарға жасап келген жақсылығын жоққа шығармаймыз. Әр нәрсені өз орнымен айту керек. Былайынша өз қызметіне адал адам. Әдетте тура мақтап немесе даттағанға қоғам төніп тұрады. Біз әдетте қажыларға «Қажылыққа барып келдім екен деп әдеттегіден артық сый-құрмет күтпеңіз. Сіз Алланың қонағы болдыңыз. Бұл – статус емес, ол сіз бен Алла арасындағы байланыс» деп түсіндіреміз», - деді бөлім меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов.

Әрі қарай ол қалай алғанда да мұсылман баласына мақтаншақтық жараспайтынына тоқталды. Мұны ақын Абайдың өзі де айтып кеткен еді.

«Ал бір мұсылманның көңіліне тиген нәрсе, бәрінің бірдей көңіліне тиетіні сөзсіз. Біздің мақсатымыз – қажылық мәдениетін қалыптастыру. Оның үстіне қазір қажылыққа барып келіп, «Мен төрде отыруым керек. Менің айтқаным заң» дейтіндердің де қатары көбейіп келеді. Бірақ, мұндайға мүлдем орын жоқ болуы тиіс. Әрине, қажылықты дәріптеген дұрыс, бірақ онымен мақтануға болмайды», - деді Жанділдә Бекжігітов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Амангелді қажы Еренғайыпұлының қажылыққа 100 рет барғанын атап өткені туралы хабарлаған едік. Желіде тойдың видеосы тарап, жұрттың талқысына түскен-ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста