Осы заманғы батыс Еуропа діннің өнегелік әрі рухани құндылықтарынан түбегейлі бас тартып, секуляризм мен атеизмді басты қаруы әрі ресми идеологиясына айналдырып алған.
Бұл жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, жауыр тақырыпқа айналдырып алды.
Бұдан бөлек, Ресейдің Саратов мемлекеттік университетінің философия факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы Михаил Орлов та осылай мәлімдеді.
Ғалымның айтуынша, екі мың жыл бойы Еуропа өркениетінің қалыптасуы мен дамуына серпін беріп келген христиандықтан саналы түрде бас тартып, жардың құлама жағасына келіп тіреліп тұр.
Кәрі құрлықтағы секуляризмнің етек алғанына бірталай уақыт өтті, Еуропалық одақ өзінің бағыты мен бағдары сызылатын негіз қалаушы құжатында – конституциясында тарихын жоққа шығаратын қадамға барып, адамгершлілікті алға тартатын христиани құндылықтарға көңіл бөлмеді.
Осылайша шіркеу мен діни институттарды қоғамдық кеңістіктен сызып тастады. Былайша айтқанда, дін әркімнің тек басына қатысты ермек ретінде қабылданады.
Атеизм мен секуляризм отбасы құндылықтарына қарсы бағытталып, адамның түбіне жететін күшке айналып келеді.
Бұдан бөлек, агностицизм де тасадан шығып, бүгінгі күннің шынайы бейнесіне айналып келеді: Жаратушыны жоққа шығармаса да оның барын растамайтындар қарасы артып келеді.