Білімді әйел мен дана әйелдің айырмашылығы

Білімді әйел күйеуінің қателігін бетіне басады, &ldquoМен саған осылай болады деп айттым ғой&rdquo, &ldquoәне, менің айтқаным келді&rdquo, т.б деп реніш тудырады. Сөйтіп, ақырын-ақырын күйеуінің өз-өзіне деген сенімділігін, алға жылжуға, табысты болуға деген талпынысын құрта береді.
Ал дана әйел ештеңе байқамағандай сыңай танытып, күйеуін қолдап, демеп жібереді.
Білімді әйел үйде сәл ақша жетіспеушілігі, дағдарыс туа қалса, тізгінді өз қолына алып, күйеуіне ақша табуды, дұрыс өмір сүруді үйретеді. Ал дана әйел әлдекім арқылы күйеуіне ақша табудың көздерін көрсетіп, өзі үйде оны қолдап, жағдайын жасап отырады.

Білімді әйел балаларының бәрін өзі сүйетін, өзіне ұнайтын бағытқа қарай тәрбиелейді. Ал дана әйел әркімнің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, әрқайсысынан жеке тұлға тәрбиелеп шығарады.
Білімді әйел жұмысын жоғары деңгейде, еш қатесіз орындауға тырысады. Өзгелерге де сол талапты қояды. Ал дана әйел өзінің нәзіктігін ұмытпай, айналасына жылулық пен махаббатты, мейірімді төге жүреді.

Білімді әйел балалары өсе бастағанда олардың бар қадамдарын аңдып, өз дегенімен жүргізуге тырысады. Оларға ақша береді. Ал дана әйел балаларына қателесуге мүмкіндік беріп, тәжірибе жинауларына, өмірден сабақ алып, кез келген істен өздерінің шығуларына жағдай жасайды.

Білімді әйел өзінің пікірінің дұрыс екенін дәлелдеумен болады. Ал дана әйел үндемей тыңдап, келісе жүріп дұрыс болған істі жасайды. Әрі өзінің әйелдік міндеттерін мәжбүрлікпен емес, махаббатпен орындайды.

Білімді әйел әлемді өзгерткісі келеді, адамдарды дұрыстағысы, түзеткісі келеді. Ал дана әйел өзін өзгертіп, өзін дамыта түседі. Көңілді болуға, ешкімге ренжімеуге, жүрегін кірден тазартуға бел буады. Ал адамдарды қалай бар, солай еш ренішсіз қабылдай алады. Ешкімді бөліп-жармайды.
Білімді әйел кімдікі дұрыс болса, сол бақытты болады деп ойлайды. Ал дана әйел кім бақытты болса, соның бағыты дұрыс деген шешім қабылдайды.
Білімді әйел мен дана әйелдің айырмашылығы, міне, осында.
Білімді болу, ақылды болу әркімнің-ақ қолынан келеді, алайда, дана болу &ndash ақылмен, көркем мінезбен әрекет ететін нағыз әйелге ғана тән қабілет екенін ұмытпайық! Алла білімімізді даналықпен жұмсауды нәсіп етсін!
Барша жалғыз жандарға дана жарды нәсіп етсін!
Назира Аймаханова.

elana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста