“Балаға пайғамбардың атын қойған дұрыс па?”: Дінтанушы өте мұқият болуды ескертті

Бала дүниеге келген соң оған ат беру ата-ананың алдындағы ең үлкен міндеттердің бірі. Көпшілік ата-ана заман ағымына ілесіп, қазіргі күнге сай есімдерді сәбиіне беруге сәнге айналдырды. Заманауи аттардан бөлек, діни есімдер де қазақстандықтар арасында көш бастап тұр. Ел ішінде балаға пайғамбарлар есімін беріп жатқандар да бар. Алайда, көпшілік балаға пайғамбарлар мен ғұламалардың атын беру ауыр соғады деген пікірде. Бұл қаншалықты дұрыс?

KAZ.NUR.KZ сұрағына дінтанушы, имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді. &ldquoЕсімнің тағдырға берер өзіндік пайдасы мен ықпалы бар. Сондықтан, бабаларымыз ұлылардың жолына салу үшін, ұрпағына кітапқа қарап пайғамбарлар есімін, тарихқа қарап батырлар, жыраулар, ақындар есімдерін ниеттеген. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өзі &ldquoБалаға ат қоюда мұқият болыңдар, көркем есім беріңдер&rdquo демеді ме? Бұл бекерден бекер емес. Керек десеңіз, есім зерттейтін антропонимика ғылымы да осы ұлы сөзге сүйенеді. Адам есімі неғұрлым көркем болған сайын, адамның өзі де көрікті, өмірі де көңілді болады деген түсінік бар&rdquo, &ndash дейді Нұрлан қажы.

Дінтанушы қазақша атын арабшаға ауыстыратындарды қатаң сынға алды Дінтанушы пайғамбарлар есімі балаға ауыр болады деген пікірге қатысты өз ойымен бөлісті. &ldquoХалық арасында пайғамбарлар есімі балаға ауыр болады деген сәл қате ұғым бар. Негізінде, пайғамбарлар есімімен аталған балаға ұрсып, жекуде ата-анаға ауыр тимес үшін, шариғат тіркемені қарастырады. Мәселен, Ибраһим есіміне Абайды тіркеген. Осы тіркемемен біздің данышпан Абай атамыз әлі күнге жадымызда. Бұдан басқа, жәннәтпен сүйіншіленген он сахабаның бірі Сағд ибн Әби Уаққастың есімін аталарымыз Сәдуақас деп ана тілімізге ыңғайлаған. Мұхаммедті Махамбет, Ибраһимді Ыбырахым, Хасан Хусейнді Асан мен Үсен, Айшаны Қайша, Фатиманы Бәтима деп есімдеген. Негізінде, ат қоюда мен осы екі нұсқаны ұсынар едім. Ал енді осындай тіркессіз балаға Мұхаммед есімі берілсе, Муха деп, Ибраһимді Ибо деп ойнап та, қалжыңсыз да қысқартуға болмайды&rdquo, &ndash дейді имам. Айта кетелік, Нұрлан қажы Байжігітұлы қазір есімдерін жаппай арабшаға ауыстырып жатқан қазақстандықтарды да сынға алған болатын.

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста