Ахметтің жары Бадрисафа мұсылман дінін қалай қабылдады

Ахмет Байтұрсынұлы мен жары Бадрисафа Мұхамедсадыққызының көңіл жарастырып, некелесуі туралы аңыз бен әфсана көп. Оның бірінде Алаш ардақтысының «жетім қыз» Александраға жаны ашып үйленгені айтылса, тағы бір аңыз екеуінің арасында іңкәр сезімнің ұшқыны болғанын меңзейді. Байтұрсын әулетімен бірге Алматыдағы музей-үйдің құрылуына жылдар бойы атсалысқан, қазір соған жетекшілік етіп отырған ахметтанушы Райхан Имаханбет ҚазАқпарат тілшісіне ескіден жеткен есті әңгімені баяндаған еді.

Ахметтің көзін көрген замандасы, рухани шәкірті мерейтойға жазған естелігінің ішінде «Ахмет Байтұрсынұлы Әулиекөлге екінші рет мұғалім болып барды» деген сөйлем бар. Ол жер Қостанай қаласынан 100 шақырымда жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы сол жерде әуелі тәжірибеден өтіп, кейіннен қайта айналып соққан. Осы жерде болашақ жары Адександра Ивановнамен танысқан. Ахмет сабақ берген мектепте Александра да бастауыш сыныптарға сабақ берген екен. Екеуінің құрметіне бір көлді Мұғалімкөл атандырған. Ол жерде жеті көл бар. Соның ішінде Мұғалімкөл Ахмет сабақ берген мектептің іргесінде ғана жатыр. Ол ғимараттың қабырғасы әлі бар», - дейді музей жетекшісі.

Ахметтанушы Александра мен Ахмет Байтұрсынұлының арасында іңкәр сезім болмаса, көлге Мұғалімкөл атауы берілмес еді деп топшылайды.

«Ахмет Байтұрсынұлы сол жердегі Мұхамедсадық деген татардың үйінен пәтер жалдайды. Әлгі татардың Бадрисафа деген қызы болады. Балиғат жасына толар шағында ол қызы ауырып қайтыс болады да, Мұхамедсадық Ахметтің болашақ жарына өз қызының құжатын береді. Ахмет пен Александра Қостанайдағы бір мешітке барады. Өкінішке қарай, ондағылар мұны қолдамайды. Ақыры олар Троицкіге барып, некелерін сонда қиғызады. Александра, міне осы кезден бастап Бадрисафа Байтұрсынова болып жазылады. Екеуінің некесі талапқа сай болуы үшін Бадрисафа татар мешітінде үш ай мұсылмандық мектептен өткен. Құжатта ұлтының тұсына татар деп жаздырған. Өйткені түрі қазаққа ұқсамаған», - дейді ахметтанушы.

Ахмет Байтұрсынұлының отбасылық жағдайын кезінде бетіне салық етіп басқысы келгендер болған көрінеді.

«Ахметті кекеткісі келген кісілер «Әкең мен ағаларыңды айдауға жіберген орыстың қызын елге неге әкелдің» деп сұрайтын көрінеді.

Сұрасаңыз, есімі – Александра Ивановна,

Ризамын құдайдың оны маған қиғанына.

Бір кәпірді мұсылман ғып сауаптансам,

Тұрмай ма, он молданың иманына», - деп өлеңмен жауап берген екен», - дейді Райхан Имаханбет.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста