Кейбір жастар «ата-ананың рұқсатынсыз намаз оқуға бола ма?» деп сұрап жатады. Осыған аз-маз жауап беруді жөн санадық.
Дінімізде ата-анаға құрмет ету, айтқандарына, бұйрықтарына мойынсұну әмір етілген. Бірақ дінге қайшы болған, күнә болған бұйрықтары орындалмайды. Намаз оқу үшін ата-ананың рұқсатына қарап отырылмайды. Балиғат жасына толған (қызбала 9, ұлбала 11 жастан) әрбір мұсылманға намаз оқу, орану – парыз. Ата-анаға қарсы шықпай, ренжітпейтін, ашуландырмайтындай жолын тауып шығу керек. Сіздің жағдайда ата-анаңызға білдірмей намаз оқуыңыз керек. Мәселен сабақ оқу секілді себептермен бөлмеңізге кіріп ең болмағанда парыздарды ғана оқып алуға тырысуыңыз керек. Парызды оқу үшін көп болса 4-5 минут уақыт кетеді. Кейін бірте-бірте сүннеттерін де қосып оқу жолын табарсыз.
Жастарға үнемі айтатын кеңесіміз мынау: Ата анаңызға өзіңізді жақсы көргізесіз, өзіңіз идеальный адам болуға тырысасыз, ешкімді ренжітпейсіз, адамдармен жақсы мәміледе боласыз, көркем мінезіңізбен үлгі боласыз. Әсіресе ата-анаңызға жақсы мәміле жасайсыз, оларды ренжітпеуге айтқандарын сол мезетте, бұлжытпай, дереу орындауға, олардың көңілдерін табуға тырысасыз. Адамдар жақсы көрген адамын ренжіткісі келмейді, оған ұнамайтын нәрселерді істемеуге, оған ұнайтын нәрселерді істеуге, сол адамға ұқсауға тырысады.
Көптеген жас қыздар, жас жігіттер ата-аналарының күнә болмаған, харам болмаған айтқандарын істемейді. Аз ғана діни кітап оқып, дереу ата-аналарына, ағайын-туыстарына уағыз айтуға кірісіп кетеді. Осылайша өздерін және мұсылмандарды жаман көрсетіп алады да соның кесірінен намаз оқуларына ата-аналарын дұшпан қылып алады. Кейде бір қыздың кесірінен басқа ата-аналар да бірі-бірінен есітіп, ұлдарының намаз оқуларына қарсы шығып жатады.
"Нағыз мұсылман тілі мен қолынан ешкімге зиян тимейтін адам" деген хадис шәрифті көп естісек де әр қашан өзіміз ұстана бермейміз. Ешбір ата-ана жұмсақ мінезді, айтқанды істейтін, жылы сөзді перзентінің көңілін қайтарғысы келмейді. Сондай перзент болуға тырысу керек. Сонда ата-ананың да көнілі жұмсап қарсылығын қояды. Айтқан насихаттарыңды тыңдайтын болады. Жылы сөз жыланды інінен шығарады.
Ата-анам намаз оқуға қарсы, не істесем болады?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора