Ашу үстінде айтылған талақ есепке алына ма?

Ассаламмуғалейкум! Ашу үстінде айтылған талақ іске аса ма? Нұржан Жұмаділов.
Ассалаумағалейкум! Егер ашу үстінде үш рет талақ деп айтылса, неке бұзыла ма? Мәдина
Уағалейкумуссалам!
Талақ туралы тұжырым бермес бұрын, ашуланған адамның халін немесе жай-күйін зерделеген дұрыс. Ғалымдар пікірі бойынша, ашу сезімін екіге бөліп қарастыруға болады.
1. Бұл кезде адам ашуланғанымен, әдеттегі қалпын жоғалтпай, айтқан сөзін ұғынып, саналы түрде пайымдап жеткізе алады. Мұндай кезде айтылған «талақ» сөзі негізге алынады.
2.Тұла бойын ашу билеп, ақыл-сезімін, ойлау қабілетін тұмшалап, әдеттегі қалпынан айырып, не айтып, не қойғанын, өзі білмей, есін шығарған ашудың ең жоғарғы сатысы. Мұндай ашуға тап болған кісі жындының үкіміне кіретіндіктен айтылған «талақ» сөзі талақ боп есептелмейді[1]. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз да (с.а.у) өзінің асыл сөзінде былай деген: «Бойын қатты ашу билеген кісінің талағы да, құлға берген азаттығы да есептелмейді»[2].
Осындай ашуға тап болған кісі кейде не айтқанын білгенімен, не үшін айтқанын ұғынбауы да мүмкін. Осы жағдайда да айтылған талақ сөзі есепке алынбайды. Бұл жайында ханафи ғалымы Ибн Ғабидин былай дейді:
«Үрей, ашу сияқты нәрселерден есі шыққан кісінің іс-әрекеті есепке алынбауы үшін, оның сөздері мен істеген әрекеттерінде де ауытқушылық пайда болуы тиіс. Осы күйінен арылмайынша айтқан сөздері негізге алынбайды, тіпті не айтқанын біліп тұрса да. Өйткені, оның білуі есті адамның білуі секілді емес (саналы түрде, ұғынып, пайымдап айтпаған). Салыстыра айтсақ, кішкене баланың халыне ұқсас (ол да бір нәрсені ерікті айтқанымен, ұғынып айтпайды)»[3]
Ендеше, ашу үстінде айтылған талағы ашуының дәрежесіне қарай есепке алынады. Қатты ашулануы себепті қалыпты жағдайын жоғалтып, айтқан сөзіне (талақ) жауап бере алмайтындай халге душар болғанның айтқан талағы есепке алынбайды.
Дегенмен, ашудың бұл түрі сирек кездесетінін де ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі кезде көбіне, жеңіл-желпі ашуын тизгіндей алмай жарына талақ сөзін айтып сап жатады. Ондай жағдайда айтылған талақ сөзі ескеріледі. Сондықтан, әрбір отағасы ашу үстінде дереу ажырасуды көздемей, оның орнына ашуын басып, ақылға келуді ойлауы тиіс. Ең дұрысын Алла біледі!

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста