Өзін діндар санайтын кейбір жастарды «әскери борыш» мәселесі мазалайтыны рас. «Мен намаз оқимын, олар болса намаздан алшақ» деген сияқты ойлармен күресетіні мәлім, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Біріншіден, Қазақстан біздің және сенің Отаның болып табылады. Мұнда ата-анаң, бауырларың мен іні-қарындастарың тұрады. Демек, Отанды ішкі және сыртқы жаулардан қорғау – діни һәм ұлттық міндет.
Пайғамбар (с.ғ.с.) күзетте тұрудың артықшылығы жайында: «Екі көз бар, оған жәһаннам оты тимейді. Біреу – Алладан қорқып жылаған көз, екіншісі – Алла разылығы үшін шекара күзетіп ұйықтамаған көз», – деп айтқан (Риазу әс-Салихин, 2-том, 544).
Әдетте әскери борыштан міндет емес деп қашқақтайтын христиандық діни ағымдар да бар. Олар Отан қорғаудан бас тартып, мемлекеттік әнұранды, рәміздерді құрметтемейді.
Өкінішке орай, олар ҚР аумағында да бар. Жастарды отансүйгіштік, халық жанашыры сияқты ұлтық құндылықтардан алшақтататын осындай псевдо діни ұйымдар мен бірлестіктерден сақтануымыз қажет.