"Алласы" бар сөздерге неге үрке қараймыз?

Алла деген сөз жеңіл…

…Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.

Аты күллі әлемге мәшһүр, қазақтың ұлы ақыны Абайдың құдіретінде шек жоқ һәм жалғыз Жаратқанның хақтығын жырлауға арналған өлеңдері аз емес. Ата баба сенімінен ажырап қалмауды қам еткен ақын діні дүдәмалдау жұртына Алласын осылайша танытпақ болса керек. Жақұтты жырының әр сөзінде Алланың бірлігін насихаттап, «ақылдыға иманның парыз екендігін» өсиет етіп өтті...

Қыр-сыры көп журналистика саласының қиындығы мен қызығы қашан да қатар жүреді. Кез-келген ақпаратты оқырман қауымға ұғынықты етіп жеткізу, әр сөзіңнің мән-мағынасын зерделеу, қаламыңның қарымын үдейтіп, берілген тапсырманы белгіленген мерзімге дейін үлгеріп орындау, тағысын тағылар... Осындай қарбаласқа толы жұмыс кезінде әрі әзілқой, әрі ақжарқын бір әріптесіміздің мақаланы жазу барысында жанын салып, үлгермей жатса, «Я, Алла», «Я, Алла» деп шыр-пыр болатыны бар. Болмашы затқа Алланың атын атап, күйгелектенгенін көргенде, әзілге айналдырып, кейде бұл қылығын қызық көріп, күлетініміз де рас. Асығып, аптығып жүретін әдетімен аяғы әлденеге ілініп, сүрініп кетіп жатса да, оның тілін кәлимаға келтіргеніне бір емес, бірнеше мәрте куә болдым. Біз болсақ, расымен де, түшкіргенде не болмаса түс көргенде ғана Алланы еске алып, жеті шелпегімізді пісіріп жатамыз. Бүйрек сыздап, бала ауырса да тілеуімізді Тәңірден тілеп, жеңілдігін сұраймыз. Ал ақиқатты түсінген жанға адамның  алған әр тыныс, демі оның пенделік өз күшімен емес, Алланың қалауымен болса керек. Алла  Елшісінен (оған Алланың сәлемі болсын) жеткен сенімді хадистердің бірінде пенде аяқ киімінің бауы сынды болмашы қажеттілігін де Алладан сұрау керектігі айтылады. Әрдайым Алласын ауызға алып жүретін әріптесімнің мысалы да осыған саяды. Ал кейбіріміздің аса қажеттілік тумаса, Алланы еске де алмайтын, денім сау болса, өзгесін «өзім қатырам» дегендей менменшілдігімізде мін жатса керек.
Жә, жалпы айтпағым бұл емес еді. Соңғы кезде бес уақыт намазға жығылып не болмаса Алласын тануға амал еткен қараккөздеріміздің ауыз екі әңгімелерінің арасында «Әлһамдулилла», «МашаАлла» немесе «Субханалла» сөздерін бүгінде көп естиміз. Етіміз үйренбегесін бе, бұны ерсілеу көрген көпшілік мұндайларға жатырқаған жанармен қарайды. Біле білсек, бұның бәрі де Алланы ұлықтау үшін айтылатын зікір ету сөздері. Мұны «Барлық мадақ Аллаға», «Алла қаласа» немесе «Алла кемшіліктен пәк» деп, қазақша мағынасында айтудың да еш әбестігі жоқ. Бір әттең-айы сол, осы бір зікір сөздерін айтқандарды жат ағымда жүргендердің қатарына оңай қоса салатын болдық. Тіліміз келмесе де, «әлхамдолла» дей ме, «машаласы» несі деп, келеке ететін болдық. Ал түптеп келгенде, бұл сөздердің қазақтың қанына сіңіп, қарияларымыздың отырып, тұрса да, аузынан тастамай айтатын «бісмілләсінен» еш айырмасы жоқ емес пе еді?
Әңгіме басында Абайдың өлеңін мысалға келтіргенім де сол еді. Арабтың бізге таңсықтау болған небір түрлі сөздерін жырына қосып,  «Халиқ қылған, мекен берген Ол (Алла) - лә мәкән» немесе «Ақылға сыймас ол Алла,тағрипқа тілім қысқа аһ!» деп жырлаған Абайды ата дінінен кім адасты дей алар?! Бәлки, тілімізге өзге шет тілдерден еніп жатқан «ноу-хау» сынды жаңа сөздерді тілдік қорымызға оңай-ақ сіңіре салғанымызбен, түбірінде «Алласы» бар қасиетті сөздерге неге сонша үрке қарайтынымыз түсініксіз. Адамын жақтап жатқаным жоқ, сөздің сәні кеткеніне күйіп отырмын. Бүгінгі «Алла» сөзі кешегі «ана» сөзінің «тәлкек» тағдырын қайталап отырғандай. Рас қой, бұл фәнидегі ең қастерлі ұғымдардың бірі болған «шеше» сөзінің бүгінде шемішкі құрлы құны қалмады. Оны балағат сөзінің орнына айтып, былғанышты еттік. Қадірін жоғалтқан қос ұғым да орынды-орынсыздығына қарамай осылайша оңды-солды айтылатын болды. Ең өкініштісі де, сол...

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста