Пайғамбар заманында бір соғыс болған еді. Сол соғыста сахабалар көптеген тұтқындарды қолға түсірген болатын. Әдеттегіше әскербасы тұтқындарды ерлер және әйелдер етіп екіге бөліп тастаған. Сол уақытта бір ана байғұс өзінің балапанын іздеп "балам, балам" деп шарқ ұрып іздеп жүр. Көзінде жас, көңілінде мұң, жүрегінде сағыныш бар еді. Оны көріп балапан бала да анасына қарай сағынышпен жүгіре жөнелді. Екеуі кездесті. Бейшара ана баласын бастан-аяқ сипалап, құшақтап иіскелеп жатыр.
Мұны көріп тұрған Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жанында тұрған сахабалына қарап:
-Егер мен қазір мына анаға балаңды отқа таста десем тастай ма? - деді. Сонда сахабалар:
-Я, Расулуллаһ (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қалайша тастауы мүмкін, әрине тастамайды, көріп тұрсыз ғой қандай махаббат баласына деген! - деп жауап береді. Сонда Адамзаттың Падишасы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
-Ендеше біліп алыңыздар Алла Тағала да Өзінің пендесін Тозақ отына тастауға қимайды. Себебі Алланың махаббаты бәрінен де жоғары,-деп Алланың махаббатын ұқтырған еді.
Алла Тағала өзінің пендесін Тозақ отына тастауға қимайды
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора